Давно в истории в школах Казахстана не было понятия как школьная форма.В Советском Союзе,в том числе в Российской федерации в 1918 году была принята одежда(форма) которая символезирует ученика как ученик.Со временем ученики школ стали одевать коричневые платья и фартук.Девочки на праздничных мероприятиях стали одевать коричневые платья и белый фартук,а в повседневных днях одевали чёрные фартуки,а на голоыы бантики.
P/S Простите если есть ошибки когда я пишу на русском.
---Саған қандай құс ұнайды?
-----Маған қарлығаш құсы ұнайды.
----Оның балапаны қандай ?
----Оның балапаны қызылшақа болып туады.
--Ол ұясын қайда салада ?
---Қарлығаш ұясын жағалаудағы жарға, үй ішіне кейде ағаш басына да салады.
---Ол құстың адамға қандай пайдасы бар ?
----Қарлығаш киелі құс.Ол егінді қорғайды
Әйел-ана ертегісіндегі қайраттылық пен жігерлілік өте керемет баяндалған.
Күйші Құрманғазы атақты Дина Нұрпеисованың ұстазы болған деседі.
Жамбыл ақын дүниеге Жамбыл тауының етегінде келіпті мыс.
Әнші Күләш апамыздың дауысындай дауыс жоқ шығар сірә.
Ертеректегі би-шешендер тілге жүйрік,ойы орамды еді.
Ғалым-ұстаздардың арқасында әлемде жаңа тың жаңалықтар ашылуда.
Даңқты ұшқыш Талғат Бигельдинов Ұлы отан соғысында өзін қаһарман ретінде көрсетіп,нағыз батыр атанды.
Бәйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бәйге өзбектерде “пайга”, қырғыздарда “чабыш” деп аталады. Кейбір деректер бойынша, 15 ғ-дың 70-жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрғанда, Шу өзенінің жағасында, Тұлпарсаз деген жерде бәйге ұйымдастырған. Осы кезден бастап Бәйге қазақ халқының алқалы жиындарының (тойлардың, астардың, т.б.) ажырамас құрамдас бөлігіне айналған (қ. Сауын айту).
Бұрын бәйгеге қосылған аттар түстік, күндік жерге, ұзақ қашықтықтарға шабатын (қ. Аламан бәйге). 1957 жылы Қазақстанда қабылданған ереже бойынша құнан бәйге 1200, 1500, 1600, 1800, 2000 м, дөнен бәйге 2400, 3000, 3200, 4000, 4800 м, ат бәйгесі 5000, 8000, 10000 м қашықтықтарда өткізіледі. Көбінесе, қашықтық төрешілер алқасының шешімі бойынша бәйгеалаң (ипподром) айналымының ұзындығына байланысты белгіленеді. Бәйгеге мал дәрігерінің қарауынан өткен аттар жіберіледі. Жарысқа қатысушылардың кеудесіне және арқасына нөмірлер тағылады; шабандоз жеңіл, ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді. Аттың ер-тұрманында, шабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар болмауы тиіс. Бәйгеге қатысушы атын оздыру үшін өзі білетін, ережеде рұқсат етілген тәсілдердің бәрін қолдануына болады. Ал қатарласып келе жатқан атқа қамшысын тигізуге немесе қамшысын үйіріп басқа аттарды жасқауға, айқайлауға, ысқыруға, жарыс жолынан шығып кетуге, оның айналмаларынан төтелеп өтуге болмайды. 1-ші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға, қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі. Қазақ халқы Бәйге аттарын ерекше күтімге алған. Құлагер, Ақбақай, Маңмаңгер сияқты сәйгүліктерді ән-жырға қосқан. Топтан озған тұлпарлар туралы халқымыздың ауыз әдебиетінде, эпостық жырларында, мақал-мәтелдерінде көп айтылады.<span>[1]</span>