Менің сүйікті тағамым- қуырдақ. Қуырдақты еттен жасалады. Қуырдақ қазақтарда ұлттық тағам. Ет денсаулыққа пайдалы.Қазақстанда туратын адамдар , қуырдақты жақсы көреді. Менің шешем қуырдақты өте дәмді пісіреді. Біз қуырдақты қойдың етінен жасаймыз.
Маған көптеген тағамдар ұнайды, бірақ ең сүйікті- қуырдақ. Мен қуырдақ туралы сізге қысқаша айтып бердім.
Казирги кезде спорттин коп тури бар.Олардин ишинде менин суйекти спорт турим -муз айдынында сырганау.Сырганаушылар муз айдынына шыкканда,мен керемет ляззат аламын.Осы гажайыпка карап тамсанамын.Жан дунием ашылып,куанады.
Оган улги -Денис Тэн. Ол Сочиде болган олимпиадада кола жулдегери атанды.Енди Денис Тэннин аркасында Казахстан жиырма бесинши орында тур.Мен Денис Тэн ушин мактан тутамын,менин Ол сиякты болгим келеди.
1)Жастар- Жастар-Қазақстанның болашағы.
2)Өнер - Әр адамның өз өнері бар.
3)сурет- Мұғалім бізге әсем суретті көрсетті.
4)әдемі- Алима әдемі көйлекті киіді.
5)жаңа- Біздің сыныпқа жаңа бала келді.
6)ойлар- Сенде тағы басқа ойлар бар ма?
7)жаңалықтар- Теледидан жаңалықтарды көрсетті.
8)көрме- Биыл мектепте көрме болады.
Ответ:
Отан отбасынан басталады деп бекер айтпаған. Әрбір адамзаттың — алтын ұясы десе алдымен отбасы ойымызға орала кетеді. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын. Біздің отбасын үлкен отбасы десе де болады. Мен өз отбасым жайлы толығырақ айтқым келеді. Менің отбасымда жеті адам бар. Олар: атам және әжем, анам мен әкем, тәтем мен інім және мен. Біздің отбасымыз бақытты. Отбасының тірегі — сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам қанатсыз құспен тең. Ал бір-бірін сыйлап, бірін-бірі сүйіспеншілікке бөлеп отырған отбасысы, бар адамдар өте бақытты жандар. Себебі қандай да бір қиыншылық болған жағдайда, отбасыңның ауызбіршілігі мықты болса, кез келген қиыншылықтан жұмылған жұдырықтай өте шығасың. Ал мен өзімді ең бақытты жанға теңеймін. Себебі менің отбасым қасымда. Маған ақылын айтып отыратын атам, маңдайым иіскеп айналып отыратын әжем бар. Отбасының барлық жағдайын жасап қамқорлық көрсететін әкем, дәмді асын дайындап, күннің шуағындай мейірімге бөлейтін анам бар. Білмегенімді үйрететін тәтем, меніңде кішкене болса да ересек екенімді еске жиі түсіретін інім бар. Біздің отбасының ерекшелігі дастарқан басында әрдайым атамның асты бастауымен және тамақтан кейін бата берген соң ғана орнымыздан тұрамыз. Әжем бір бірімізге сөйлегенде жылы да мейіріммен сөйлеуімізді әрдайым айтып отырады. Сендер бір біріңе қонақсыңдар. Әрдайым бір біріңді бірінші көргендей және ұзақ уақытта сағынып көргендей бағалаңдар дейді. Мен отбасымның осы қалпынан таймай, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы»,Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Қорқыт бабаның, Қожеке Назарұлының, Тоқа Шоңмаңұлының, Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиевтің«Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Сүйріктей аққу мойын», «Аққудай ару», т.б. Аққудың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады.