Біздің аулада кішкене бөбектер басқа ауладағы бөбектерден анағұрлым көп. Бұл сенбілікте біз қыруар іс атқардық, біздің ауланы тазарттық, аулаға көптеген ағаштар отырғыздық. Бірен-саран ескі қураған ағаштарды кестік. Сенбілікке недәуір тұрғындар қатысты. Осылай біз азғантай болса да біздің ауламызды көркейтуге өз үлесімізді қостық.
Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында наныбар. /бидай./
Әдемі сары гүлі бар
Күнге қарап жылынар.
Шешуін тауып жұмбақтын
Есіңе сақтап ұғып ал. /күнбағыс./
Алыстан көрсем ақ тас
Жақыннан көрсем -дәмді ас. /күріш./
<span>Қалам алып қолыма жазамын хат, Өзім арзан болсам да, сөзім қымбат, беу, айдай. Бекер қарап отырған жараспайды, Қара өлеңмен айтайын аз насихат, беу, айдай. Қайырмасы: Былтырғы мен биылдай, Қолда жоқтың қиыны-ай. Ұстараның жүзіндей Аударылған дүние-ай. Жүруші едік той тойлай, Торғын белбеу бір байлай. Әдейі іздеп келгенде, Сөйлесейік ыңғайлай. Хат жазамын қолыма қалам алып, Сенің берер жауабың маған анық, беу, айдай. Сыбайласым кім болар деп жүргенде, Бәйге атындай тұрыпсың тағаланып, беу, айдай. Қайырмасы: Қалам алсам қолыма, қарысады, Бәсекемен қос жүйрік жарысады, беу, айдай. Жүйрік жайын, ей, құрбым, білмеуші ме ең, Біреуі озып, біреуі қалысады, беу, айдай. Халық әні Сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының озық үлгілерінің бірі – «Беу, айдай» әні. Бұл туындының тәрбиелік мәні зор. Ел арасына кең таралған әнде өмірдің өтпелі екені, сондықтан адам үшін сырласып, сыйласудың маңызды екені әсерлі беріледі. http://song5.ru</span>
Ответ:
Кітапхана туралы диалог.
- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.
- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?
- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.
- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.
- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.
- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.
- Ендеше бағымды сынап көрейін!