Эвфемизм (грек. eu – жақсы, phemі – айтамын) – мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Эвфемизм қоғамдағы моральдық, этикалық норма негізінде қалыптасып, сыпайыгершілік пен әдептілікке байланысты туған. Эвфемизм – тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың бірі.
Дисфемизм (лат. dis, гр. dus - қарама-қарсылық не болымсыздық мағына тудыратын қосымша, гр. рһemi - айтамын), какофемизм — ауыс мағынаның бір түрі. Қалыпты қолданылатын зат, құбылыс атауларын неғұрлым дөрекі, тұрпайы сөздермен ауыстырып айту. Дисфемизм - мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс. Дисфемизм кеміту,қорлау,жаратпау ұғымын тудырады. Мысалы:боқ мұрын бала,боқтан өзгені сөз қылу,боғымен жасты баламен ойнады,боғын пышақтады,қолынан боқ келмейді,боққа татымайды,боғы ботқа,т.б.
Батырлық туралы
Менің ойымша, батырлық деген кең ауқымды ұғым, оны бір сөзбен айтып – түсіндіру мүмкін емес. Себебі, бейбіт заман мен сұрапыл соғыс кезіндегі батырлық екеуі аспан мен көктей екі түрлі нәрсе. Мысалға, соғыс уақытында батыр бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен келер ұрпаққа бейбіт өмір сыйлап, қасық қаны қалғанша елін, жерін жаудан қорғап нағыз батыр болған. Ол аталарымыз бен апаларымыздың жасаған ерліктері тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихына алтын әріптермен жазылған, мысалға мен өз басым, Бауыржан Момышұлын мақтан тұтып, ол кісінің жасаған ерлігін, артынан өшпес мұра етіп қалдырып кеткен еңбектерін өте жоғары бағалаймын. «Болмасаң да, ұқсап бақ» дегендей, ата - анам есімімді Бауыржан қойғанын да мақтан тұтамын.
Ал соғыс жоқ бейбіт заманның батырлары мына біз бен сіз де бола аламыз. Мысалға, күні кеше ғана теледидардан лаулаған өртке оранған үйден сәбилерді алып шыққан өрт сөндіруші жайлы хабар көрсетті. Міне, бұл – нағыз ерлік деп білемін. Немесе, тағы бір мысал, өткен жылы жаз уақытында жолдастарыммен көлдің жағасына демалуға барғанбыз. Сонда суда жүзіп жүргенімде, кенеттен менің аяғым тартылып, еш қозғала алмай қалдым. Мұны байқаған достарым бір сәтте кідірмей суға кіріп, мені жағаға алып шықты. Бұл да – ерлік. Менің оларға алғысым шексіз.
Менің мамандығым тарих пәні мұғалімі. Мен өз мамандығымды өте ұнатамын. Осы мамандықты алу үшін 4 жыл оқыдым. Балаларды оқыту мен үшін үлкен бахыт.
Менин елiи мне ушiн ен куштi деп но менин
елiмдi саипайман