Әнші құм Жетісу жеріндегі Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан тауларының етегінде жатыр. Құмды төбенің биіктігі – 150 метр. Ұзындығы – 8, ені – 3 шақырым. Әнші құмның бұлай аталуының өз сыры бар. Мұндағы Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп тұрады. Соның әсерінен, құм төбелер де әрқилы бағытта пайда болады. Кешегі бейнелі суретті бүгін елестете алмайсың. Үнемі құбылып отырады. Жел соққан кезде електен өткендей іріктелген майда құм сусылдап, төмен қарай жылжиды. Осы кезде сырнайдың даусына ұқсас әдемі әуен құлаққа естіледі. Керісінше, жел күшейе соқса, әлгі әдемі үн реактивті ұшақтың гүріліне ұқсайды. Бейне құбыжық келе жатқандай күй кешесің.
Табиғат-Ана тудырған осы бір құпиясы мол ғажап әуенді есту үшін бұл жерге адамдар әдейі ат басын бұрады. Мұнда шетелден ағылған туристерді де жиі ұшыратасың. Табиғат тудырған мұндай ғажайып «әнші» ешбір елде жоқ шығар, сірә!
6-тапсырма.
1.Қазақ – г.халқы
2.бала – ж.тәрбиесі
3.денсаулық – а.кепілі
4.дене – б.бітімі
5.дұрыс – ә.қалыптасу
6.садақ – в.тарту
7.спорт – ғ.түрлері
8.рухани – д.байлық
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Міне,күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.
<span>Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!</span>
Алтын көрсе періште жолдан таяды.
Увидев золото, и ангел свернул с дороги.
Seeing the gold, and the angel turned off the road.