Дұрыс тамақтану.
--Сен қалай дұрыс тамақтану керек екенін білесін бе?
--Иә ,білемін.
-Қалай дұрыс тамақтану керек.?-
-Тамақ алдында қолды жуу керек. Тамақ ішерде теледидар көруге ,кітап оқуға болмайды.
--Неге?
--Өйткені сенің организмің де алаңдайды.
--Тамақты қалай ішу керек?
--Тамақ ішкенде асықпай ,әбден шайнап жеу керек.
--Дұрыс тамақтану не үшін керек?
--Дұрыс тамақтану --ол денсаулықтың кепілі.
Көп рахмет.Осы ережелерді мен ұстанамын.
Ақпан кетті араз боп наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп
Көктем жетті көл-көсір шуақ қуып,
Қыс барады қиылып, жылап тұрып
Асқар таулар атасын шақырады
Ой мен қырын атасы қия алмай жүр.
Түні бойы мұз тоңды сақалына.
Отрывки стиха Мукагали Макатаева "Наурыз".
Адам баласы жолдастарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасағанда оның таныс, таныс еместігіне, алыс-жақындығына, үлкен-кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай, кішіпейіл, әдепті, ақылды болуы керек. Бұл адамгершілік борыш.Адамдар бірін — бірі сыйлай білулері керек.
Сонда оны басқалар сыйлайды.Адамдар байқағыш, сезімтал, көреген болуы керек.
Жеке басты ойламай, көппен бірге болуы керек.Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілердің мінезі кішкентайынан дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасап, оларға жол көрсете білу керек.