жылқы _ қазақтың мал шаруашылығында негізгі орынды ұстайды. жылқы түлігі сәуірден бастап шілдеге дейін үйірге қосылады. биелер үйірге қосылып он екі айдан соң құлындайды. жақсы жылқы 20 _ 30 жасқа дейін жасайды. қамбар ата _ жылқының пірі, иесі әрі киесі. құлын, құлыншақ _ жылқы төлі. жабағы _ бір жылға дейінгі төл. тай _ екі жастағы жылқы. құнан _ үш жастағы жылқы. құнажын ( құнан байтал) _ үш жастағы ұрғашысы. байтал _ төрт жастағы ұрғашысы. сойтал _ төрттен асқан ұрғашысы. дөнен _ төрт жастағы еркегі. бесті _ бес жасар еркек жылқы. айғыр _ аталық жылқы. сәурік _ жас айғыр. бие _ енелік жылқы. қулық _ алғаш құлындаған бие. қысырақ _ үйірге алғаш қосылған жас мал. мама бие _ көп құлындаған жуас бие. бедеу _ құлындамайтын жылқы. ат _ ақталған, кесілген еркек жылқы, мініс ат. <span> мініс аттары жалпы жылқы тегіне қарай: тұлпар, сәйгүлік, дүлдүл, наз бедеу, қазан ат, арғымақ, жабы. қасиетыне қарай: аяңшыл, жорға, жүйрік .... деп бөлінеді. жылқының түр-түстері: ақ боз, күрең, торы, жирен, шабдар, шұбар, теңбіл, сұр, ала, кер, күлдібадам, шалбас. тулақ _ әбден жүдеген арық жылқы. мәстек _ жылқының жаман түрі. жамандату, шеміршек, сақау, маңқа, қолқа _ жылқы аурулары. << құрау-құрау>> _ жылқыны шақыру. үйір _ жылқы тобы.</span>