Автомобиль - кемдегенде 4 доңғалағы бар, өз энергия көзімен қозғалысқа келтірілетін рельсті қажет етпейтін доңғалақты көліктік құрал. Сонымен катар троллейбустер, үш доңғалақты 400 килограмм массалы көлік құралдары да автомобиль болып саналады. Әдетте автомобиль деп жеке автомобильді және автопоезді айтады.
Газ сауытты, газбаллонды автомобиль - газсауытпен және қозғағышты газбен коректендіруге арналған арнайы аппаратурамен жабдықталған автомобиль.
Газ генераторлы автомобиль - қозғағышты коректендіру үшін жанармайдан (қатты отыннан) газ алатын газ генераторлы қондырғымен жабдықталған автомобиль.
Газ турбиналы автомобиль - газ турбиналы қозғағышы бар автомобиль.
Жарыс автомобилі - әдетте бір орынды, жоғарғы жылдамдықпен жүретін, әдейі автомобиль жарыстарына арналып жасалған, арнайы кең шиналы, шанағы төмен сүйір болатын, жоғарғы қуатты арнайы қозғағышы бар автомобиль.
Жүк автомобилі - шанағы ернеулі платформа не арнайы шанақты (цистерна, фургон) жүк таситын көліктік автомобиль.
Класы үлкен жүк автомобилі - жүк көтергіштігі 5-тен 15 тоннаға дейінгі жүк автомобилі.
Класы кішкене жүк автомобилі - жүк көтергіштігі 0,5-тен 2 т. дейінгі жүк автомобилі.
Жалпы жұмысқа арналған жүк автомобилі - шанағы ернеулі платформалы жүк таситын автомобиль.
Класы өте үлкен жүк автомобилі - жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары жүк автомобилі.
Класы өте кішкене жүк автомобилі - жүк көтергіштігі 0,5 тоннадан аспайтын жүк автомобилі.
Ортаңғы кластағы жүк автомобилі - жүк көтергіштігі 2-ден 5 тоннаға дейінгі жүк автомобилі.
Жүк-жолаушылар автомобилі - жолаушылар мен жүктерді бір уақытта тасуға арналған көліктік автомобиль; әдетте бұл әмбебап шанақты жеңіл автомобиль.
Екі өсті автомобиль – екі есі бар доңғалақты автомобиль.
Дизельді автомобиль - дизельді қозғағышы бар автомобиль.
Мүгедектерге арналған автомобиль - мүгедектер басқарып жүргізуге жеңіл, көбінесе баспалары иінмен немесе тұтқамен ауыстырылған, тіркес пен беріліс қорабы жартылай немесе толығынан өздігінен басқарылатын автомобиль.
Артқы жетектегі автомобиль - жетекші доңғалақтары артында орналасқан автомобиль.
Карбюраторлы автомобиль - қозғағышы карбюратормен жабдықталған автомобиль.
Классикалық принцппен құрастырылған автомобиль - қозғауышы алдында, жетекші доңғалағы артында орналасқан автомобиль.
Үй-жай тұрмыс шаруашылығының автомобилі - қала шаруашылығына қажетті жабдықтары бар (мысалы, сыпырғышы, қоқыс салатын жәшігі) арнайы автомобиль.
Жеңіл автомобиль - жүргізушіні қосқанда тасымалдайтын жолаушының саны 9-дан аспайтын жолаушы автомобиль.
Класы үлкен жеңіл автомобиль - қозғағышының литражы 3,5 литрден жоғары жеңіл автомобиль.
Класы жоғары жеңіл автомобиль - қозғағышының литражы шектелмеген, ішкі отыратын орны әдетте қымбат жабдықтармен жабдықталган жеңіл автомобиль.
Класы кішкене жеңіл автомобиль - қозғағышының литражы 1,2 литрден 1,8 литрге дейінгі жеңіл автомобиль.
Класы өте кішкене жеңіл автомобиль - қозғағышының литражы 1,2 литрге дейінгі жеңіл автомобиль.
Ортаңғы кластағы жеңіл автомобиль - қозғағышының литражы 1,8 литрден 3,5 литрге дейінгі жеңіл автомобиль.
Кішкене литражды жеңіл автомобиль - өте шағын немесе шағын класты жеңіл автомобиль.
Дәрігерлік көмек көрсетуге арналған автомобиль - арнайы медициналық аспаптармен жабдықталған, сырты арнайы белгілермен белгіленген және дыбыс шығаратын құрылғымен жабдықталған автомобиль.
Көп өсті автомобиль - өстерінің саны екіден артық автомобиль.
Әмбебап жүк автомобилі - жалпы жұмыстарды атқаруға арналған жүк автомобилі.