Күрделі сөздердің дұрыс жазылуы:кербез сұлу,ағайын-туысқан,бүгін,ТМД,қара торы,ұл-қыз,белбеу,киім-кешек,см, таңертең,ҚазМҰУ,педколледж,қолөнер,Ақан сері,күнде-күнде,құлақ салды,білезік,ауыл-аймақ,нұрлы жол,АҚШ.
Таблица.
Сөз тіркесі:құлақ салды,нұрлы жол,Ақан сері.
Қос сөздер: ағайын-туысқан, киім-кешек,ұл-қыз,күнде-күнде, ауыл-аймақ.
Біріккен сөздер:бүгін, таңертең,қолөнер.
Қысқарған сөздер: ТМД,см, ҚазМҰУ, педколледж,АҚШ.
Ұзын-ұзын ұсқауын, Ұзынына кім жетер? Шұбар ала күйкентай, Шұбарына кім жетер? (Кітап)
Ұзынды-қысқа қос тіл,. Он екі цифрмен дос бұл. (Сағат)
Сырты жасыл қатты, іші қызыл тәтті. (Қарбыз)
Егер, үйде қонақ болса, үлкендер дастархан төңірегіне отырып қалса, онда жасы кішілер қонақтардан бастап қолға су әкеп құйып, сүлгі ұсынуы немесе қонақ кісіні қол жуғышқа бастап барып, ол қолын жуып болған соң, таза сүлгі беруі тиіс. Мүмкін болса, әр адамға жеке-жеке шағын сүлгі ұсынса, тіптен жақсы. Сондай-ақ жасы үлкендердің жасы кішілерге, ата-аналардың балаларының қолына су құйып, орамал әкеп беріп жатуы жарамайды.
Дастархан басында жиналғандар да қалай болса, солай отыра қалыспайды. Жасына, сый-құрметіне қарай әркімнің отыратын жері болады. Кішкентай нәрестелер, бүлдіршін бала ата-аналарының қасында отырады, өйткені, олар дербес, өз беттерімен тамақты ішіп-жеп, ас құйылған ыдыстарға иелік жасай алмайды. Ал, ер жеткен балалар ата-аналарынан, басқа да үлкендерден төмен орын алуға тиіс. Бірақ, бойжеткен қыз есік жаққа отырмайды. Ал, қонақ болса, үй иесінен жасының үлкен не кішілігіне қарамай төрде отырады. «Мейман атаңнан да үлкен» деген сөз содан шықса керек.Дастархан жайылып, тамақ қойылғаннан кейін, алдымен жасы үлкен кісі дастарханға бата жасап, «бісмілла» деп табаққа қол созып, астан ауыз тиеді де, ет болса сүйектерін кесек етінен ажыратып, отырғандарға өзі үлестіріп береді немесе ондай қызметті атқарып, етті турауды ыңғайы бар жасы кіші ер адамға, әдетте, жігіттерге тапсырады. Бүгінде ондай дәстүр қалып бара жатқанымен, әр жігіттің әсіресе той-томалақта, басқа да бас қосуларда табақтағы етті саспай, сасқалақтамай, жөнін біліп турай алуы қажетті саналады. Ал мұндай қызмет тапсырылмаған жасы кішілер мен балалардың алдымен табаққа қол салуы әдепсіздікке саналады. Олардың үлкендер тамақ алып отырғанда, олардан бұрын «жеп болдым» деп қолдарын сүртіп, дастарханнан шегінуі де жөнсіз, тұрып кету, тіпті, сөкет іс болып табылады. Өйткені, мұндай қылықтары арқылы әсіресе сырт кісілерді ыңғайсыз жағдайға қалдыруы және үлкендерді сыйламағандық, елемегендік, көзге ілмегендік болып қабылдануы мүмкін. Сондықтан, жастар, дастархан басында қонақ, сырт отырған үйдің иесі табақтастарының жағдайын ойлап, қас-қабағын байқап қимылдағаны, ізет сақтағаны жөн. Сөйтіп, олар табаққа бата сұрап, содан кейін орындарынан тұрулары керек.Дастархан жиналып, қол жуылған соң, қонақтар қайтуға ыңғай білдіргенде, үй иесі олардан бұйымтай сұрап, онан кейін хош айтысып, шығарып салғаны дұрыс.
Жол белгілері пайдалы, қауіпсіз зат. Егер жол белгілері болмаса, қаншама адамдар жазықсыздан жол апаттарына ұшырайтын еді. Жол белгілері көліктерге ғана емес, адамдарға, балаларға қажетті зат.