Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
Тамақтану біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Белгілі ағылшын мақалы «Біз жеп қандай», және бұл шындық, дейді. біз жеп, азық-түлік денеміз бен біздің ақыл әсер етуі мүмкін. Бұл, мысалы, белоктар, витаминдер, минералдар, майлардың және көмірсулардың сияқты қоректік заттарды қамтиды. Әр түрлі әртүрлі тағамдар қоректік заттарды қамтиды. Мысалы, біз, жемістер мен көкөністер жеп, дәрумендер көп алуға болады. маған келетін болсақ, мен салаттар сүйемін, бірақ мен ет ұнамайды. ішіп-жейміз таңдауға азық-түлік көптеген факторларға байланысты болады. бірінші және ең маңызды болып табылады дәмі. Біз өнімнің дәмі ұнаса, біз оны жиі жейді. Екінші фактор оның тағамдық құндылығы болып табылады. өнім салауатты және дене үшін тиімді болып табылады, онда біз біздің рационда оны қосу қажет. Басқа факторлар мәдениеті мен дінін қамтиды. Жарнама, сондай-ақ қатты, біздің таңдау әсер етеді. біз теледидарда түсті жарнамаларды көргенде, біз бұл өнім көріңіз шешеді. Кейбір адамдар үшін, жай ғана энергетика үшін тұздығындағы ретінде азық-түлік. Мен үшін ол бір ғанибет. Мен ет өнімдері және шпинат қоспағанда барлығын дерлік ұнайды. Әдетте, күні мен үш немесе төрт тамақтанады. арналған таңғы ас, Мен ірімшік пен Ветчина қосылған сэндвич отырып шай қалайды. Кейде сүт ботқаны жеп, апельсин шырыны бір стақан ішеді. түскі үшін, Мен салаттар және суп қалайды. 5 сағат айналасында Мен Үгілмелі бар бір шыны кофе ішеді. кешкі ас, мен көкөністермен паста немесе күріш ұнайды. Кейде Француз картобын және гамбургер жеп, бірақ менің ойымша, олар майдың көп құрамында екенін білеміз. Мен аз тез тамаққа көріңіз Сондықтан. Мен сондай-ақ қант және тұз тұтынуды азайтуға тырысады.
Тимати 1983 жыла дүниеге келген. Қазір ол 30 жаста. Тимати Россияда, Москвада дүниеге келген. Тиматидың шын аты - Тимур Ильдарович Юнусов. 2012 жылы оның ең бірінші "SWAGG" атты альбомы шыққан. Тимати 13 жасында АҚШ-на көшкен.
Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында қазақ, елінің қоғамдық өміріне, мәдениеті мен өнерінде, ұлттық әдебиетінде аса игі жаңғырулар бой көрсетті десек, бұл тұстағы ұлы Абай бастаған жаңашыл бағыттағы реалистік әдебиеттің даму қарқыны айрықша болды. Халқымыздың аса көрнекті ақындарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы да, міне, осынау өркенді ортада өсіп, ержетті. Ол 1858 жылы ескіше жыл санау бойынша 11 шілдеде қазіргі Семей облысының Абай ауданында дүниеге келді. Әкесі - Құдайберді -Абайдың ағасы, Құнанбайдың Күңке атты бәйбішесінен туған.Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Жеті жасқа келгенде, 1866 жылы әкесі Құдайберді 37 жасында дүние салады да, Шәкәрім бұдан былайғы уақытта Құнанбайдың тәрбиесінде, тікелей Абайдың қамқорлығында болады. Шыққан ортасының аса бай дәстүрі мен ақын ағасының тағлымды тәрбиесі табиғатынан зерек те алғыр Шәкәрімнің жетімдік, жоқшылық көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі ретінде қалыптасуына да айрықша ықпал жасайды.Ұлы Абайдың маңайына шоғырланған талантты жастар туралы айта келіп Мұхтар Әуезов былай деп жазады: "... Ондай ақын төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия - Абайдың өз балалары, мұның екеуі де 1904 жылы Абай өлген жылы өлген. Қалған екеуі Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың толық мағыналы шәкірттері". Шындығында да Шәкәрім Абайдың ең талантты шәкірттерінің бірі, әрі ең мол мұра қалдырған шәкірті.Абай шәкірттерінің қай-қайсысы да ұлы ұстазының басқан ізін қайталамай, өнер көгінде өздерінше соқпақ салуға ұмтылды. Абай өз шәкірттерінің өлеңдерін үнемі қадағалап отырған. Өзі тақырып беріп жаздырғандары да аз емес. Ұлы ақын жастардың туындыларына сын көзбен қарап, бағыт-бағдар беріп отырған.<span>Шәкәрімнің ақындық жолын айқындап берген де, міне, осындай ұлы мектеп, Абайдың ақындық дәстүрі болды. Шәкәрімнің терең мағыналы шығармашыл мұрасының өн бойынан Абайдың реалистік сарыны, көркемдік, эстетикалық танымының әсері үнемі белгі беріп отырады.</span>