Автомобильдерде электр энергиясы іштен жанатын моторды іске қосуға (стартермен), жаңғыш қоспаны тұтатуға, дыбыс және жарық дабылдарына, қозғалыс жолдары мен кабинаны жарықтандыруға, электронды басқару жүйесіне, бақылау-өлшеу аспаптары мен қосымша жабдықтарды қоректендіруге қолданылады.
Будандас мотор агрегатында іштен жанатын мотор мен электр моторларын қатар қолданғанда электр жүйесі автомобильдің басты жүйесі болып табылады. Мұнда электр моторлары жетекші дөңгелектерге орнатылады.
Электр энергиясын өндіретін аспаптар электр тогының көздері, ал оны тұтынатындар тұтынушы деп аталады.
Генератор мен аккумулятор батареясы - ток көздері, ал тұтынушылар - ЭББ, электр моторлар, стартер, дабылдар мен жарықтандыру және бақылау-өлшеу аспаптары.
Ауруханада Аружан мен Аида кездесіп қалып:
Ару-Сәлем Аида!
Аи-Сәлем
ару- Не себептен ауруханаға келдің?
Аи- Менің басым таңертеңнен бастап қоймай ауырды
Ару- Сауығып кет! Сол үшін сабаққа келген жоқсыңба
Аи-Иә
Аи- ал сен неге келдің?
ару- Жәй медициналық тексеріс қой...
Аи- Түсінікті
Ару- Жақсы сау бол мен мед. карточкамды алайын
Аи-Көріскенше!!!
Сочинение моя семья
Неужели сложно написать о своей семье?
Вот тебе пример
<span>Менің отбасымда бес адам бар.Анам,әкем және екі сіңілім.Мен өз отбасымды жақсы көремін.Олар да мені жақсы көреді.Мен анама үй жинасуға көмектесемін,сіңілдерімді бағамын. Өз отбасыма көмектесуге әрдайым дайынмын.Отбасыммен серуенге шыққанды ұнатамын.Біз әр мейрамды бірге тойлаймыз. Біз отбасымызда тату-тәтті тұрамыз.Менің отбасым-ең үлгілі отбасы.</span>
Туған жер - әркімнің кіндік қаны тамған қасиетті мекен. Оның күні де, түні де, тау-тасы да, сарқыраған өзені мен жайқалған көк майсасы, еркелей ескен желі, шұрқыраған жан-жануары, шырылдаған құстары - бәрі де жаныңа ерекше ыстық, ерекше жақын. Қайда жүрсең де өзіне тартып тұратын, есіңе түссе көңіл қобызыңды беу-беулетіп, жүрек отын жағатын дүние есігін ашқан жеріңді сүймеу, алыстасаң сағынбау мүмкін емес. Себебі, туған жер - Сахарада да туған жер. Жерінде жеміс-жидек бітік өсіп, көк желегі жайқалмаса да, қу шөптің басы қылтимайтын туған топырағың бәрі-бір де қасиетті, бәрі-бір де өзге жер, өңге мекенмен салыстыруға да келмейді.
Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар. Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауламызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «Тазалық – денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан тазалық пен көгерудің көзі - көктем айын жақсы көремін! Менің көктем туралы ойға түйгенім осындай