Мен туған жерде жасыл алқап ормандар жоқ,
Өзен, көлі сыймаған тоғандар жоқ.
Небір түрлі керемет түрлі аңдар жоқ,
Жауға қарсы соғылған қорғандар жоқ
Бірақ, достым, білесің бе біздің елде … АРМАНДАР КӨП!
Жап-жазық сары дала менің жерім,
Аспанмен айқастырған төңірегін.
Ақжарқын, аңқылдаған ақ жүректі
Білесің бе, ол-менің туған елім.
Тастарым, топырағым борпылған,
Мен сенің құшағыңда томпылдағам.
Шалынып талай шұңқыр, сайларыңа
Тізем қанап кәдімгідей солқылдаған.
Бәйшешегің бүр жарар көктеміңде,
Білетінбіз жаз келіп жеткенін де.
Асыр салып қызғалдақ теретінбіз
Бүк түскен белестердің бөктерінде.
Кешкілік кез азан-қазан басталатын,
Мал қайтып, қазандарға ас салатын.
Балалық-ай ойынға әбден тойып
Қолды жумай дастарханға бас салатын.
Содан соң басталады түн тыныштық,
Самал жел ұмыттырар күнді ыстық.
Үш бауыр далада ұйықтап,жұлдыз санап
Менікі ол жұлдыз деп көп ұрыстық.
Сенде тыныш, ал қалада әуре-сарсаң,
Армандап ем құтылам деп сенен қашан.
Сыр бүккен тылсымыңды түсінбеппін,
Кешір мені,сары дала, кешіре алсаң.
Шетте тұрған бір биікті табамын да,
Сол биіктен жиі саған қарадым да.
Кім білген сол бір сәттің жанарымда
Ұмытылмай мәңгілікке қаларын да.
Күш алыппын сыбырлаған самалдан да,
Төсіңді жаңбыр жуып таранғанда.
Мен қалайша елеусіз жан боп қалам,
Сен секілді Арманнан жаралғанда.
Қазіргі уақытта компаниялар бүтін бір бөлімнің орнына әмбебап маманды көргісі келеді. Қазіргі уақытта жас түлектер қандай мамандықты жиі таңдайды? Ал еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар қандай және болашақта жұмыс берушілер қандай мамандықтарды қажет етеді? Бұл туралы білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі тәуелсіз Қазақстан агенттігінің президенті Шолпан Қаланова мен кадрлық агенттік өкілдері айтатын болады.
«Менің таң қалғаным «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының танымалдығы артып келеді. Бұл мамандыққа жыл сайын 6 мыңға жуық адам түседі. Ал 2016 жылы 9 мыңнан астам адам дәл осы маманыққа құжаттарын тапсырған», — дейді Шолпан Қаланова. Бұл статистикадағы оны таңқалдырған жалғыз ақпарат емес.
Менің сүйікті аңыз - Толағай-батыр туралы.
Ол күшті және батыл болды, барлық қазақстандықтар шайқасуға дайын болған кезде немістер келді, қазақтар келді, қысқа уақыттан кейін Батырғай құтқарылды.
Мен оқимын, жазамын
Сен оқисың, жазасың
Сіз оқисыз, жазасыз
Ол оқиды, жазады
Зымыраған уақыт. Көз ілестірмей күндер жылжып өтіп жатыр. Оқу жылы басқалардан ұзақтау болса да, күні кеше ғана басталған оқу мерзімінің келесі жартысы да аяқталды. Жазғы емтихандар бітіп, бір жарым айлық демалыс уақыты да жетіп келді.
Емтихандар аса қиын болмаған сияқты. Алайда, грамматика, мәтінді еркін оқу, тыңдап, түсінік айту және дұрыс жазудан бұрын тілді қоғамда еркін пайдалана алу, басқаға айтар ойыңды нақты жеткізе білу – емтихан сынағынан күрделірек деп ойлаймын.
Біздің топтағы жиырмадан аса адам тұтастай емтиханға қатыспады. Өйткені біразы ақылы бөлімде оқитын болғандықтан көбісі үшін маңызды емес болды. Ал келесі оқу жылында мамандық жалғастырушылар үшін бұл міндетті емтихандардың бірі.
Оқу аяқталысымен біразы елдеріне қайтады және басқа университеттерге кететіндері де бар. Сол үшін қыздар дастархан жайып, кейбір мұғалімдермен бірге кішігірім қоштасу кешін өткіздік. Әсіресе қыздар жағы қимастықтарын айтып, көздеріне жас алды. Бұдан кейін де ғаламтор арқылы хабарласып, бәлкім кездесерміз деген сенім болғанымен де, бір жыл бірге жүргіп бауыр басып қалған қимастық сезімдеріміз қылпылдап-ақ қалды. Әрі дәл бұлай енді қайта бас қоспасымыз анық…
Расында әрқайсысының өзіндік мінез-құлқы мен бірге ұлттық ерекшелігі де басқаларымыз үшін ыстық. Әсіресе жапон елінің азаматтары менің көңілімнен айтарлықтай орын алды. Мәдениеті таңғаларлық. Сабақ арасында бір тақырып әңгіме бола қалса «сендерде қалай?» деп кезек-кезек бір-бірімізді тыңдайтынбыз. Демократияның отаны АҚШ-та дейтіндердің сөзін сол елдің азаматтары жоққа шығарады әйтеуір. Нағыз әділдіктің туы желбірейтін шақ туғанда ақшаның мысы басып кететінін жиі тілге тиек етеді.
Оқу жылы қызықты өтті. Мұғалімдердің айтысынша, көптен бері мұндай ұйымщыл топ болмаған сияқты. Менің де көңілім тоқ. Қайтар сәт туғанда мұғалімдердің өзіндік сабақ өткізу тәсіл-қимылдарын олардың өздеріне көрсетіп бердік. Бәрі риза…