Перевод"Который был запущен в трамвае?"
Вроде
Қалада жаңа мектептер салынуда. Бұл тақырыптар маған ұнамайды. Бұл жас автордың көп әңгімелерінің жинағы. Сендерге кеше кімдер келді? Қандай мұхиттарды білесің? Оқушылар тегіс жиналды. Біз емтихан болатын пәндерге көп көңіл бөлеміз. Жазғы каникулда көп кітаптар оқыдым. Балалар доп теуіп жүр.
Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады. Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті. Шілде мен тамыз пышаны Шаң ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
Salta01 середнячок  ответила 03.02.2014 Ана... Әрбір адам осы керемет күміспен қапталып, алтынмен апталған АНА деген сөзді естіген сәтте-ақ жүрегі дір етеді. Сен осы дүниеге шыр етіп келген сәтте анаң \"БАУЫР ЕТІМ БАЛАМ\",- деп ақ сүтін беріп, аяалап, МЕНІҢ БАЛАМ КЕРЕМЕТ деп мақтан тұтады. Иә, бірақ біз осы ана махаббатын қадір тұтып, бізде сол керемет адамды аяалап жүрміз бе? Ана көңіліне қаяу түсірместен мақтан тұтатындай сүйкімді жағымыздан көрінеміз бе? Жоқ ондай адамдар саны кемде-кем! Екінің бірі ондай жақсы қылық істемейді! Ана махабатына біз мүлде басқаша жауап береміз... Ұлымыз барып жаман қылық істейміз, ал қызымыз ше? қызымыз анаға көмек берудің орнына, бет жыртысып ұрсысамыз...Бірақ оның бәрі ананың жүрегіне қалай ауыр тиетінін түсіне алмаймыз. Себебі кәзіргі жастардың санасы өте төмен.
\"Алып анадан туады \" дегендей біздің неше түрлі ғұламаларымыз, батырларымыз анадан туған. Әл-Фараби тіпті Фердаусидің өзі осы анадан туды емес пе? Ананың құдіреті өте күшті... Мұны мына бір Ақсақ темірдің \"Өлімді жеңген ана\" тақырыбынан-ақ байқауға болады. \"Ақсақ темірдің ұлы өлген соң ол баласының кегін қан төгіс арқылы қайтармақ болды. Алып мұнараларды адамның сүйегінен тұрғызды. Қаһарына мінген Темірді көрген кезде адамыңда тіпті жан-жануарлар жан-жаққа қашатын. Сол кезде бір әйел адам келіп:
-Хан болсаң өзіңе хансың, ал мен үшін сен адам қатарына да жатпайсың! Сен әлемге өлім әкелсең, мен өмір силаймын. Сені де ана тапқан! Сен де анадан шыққансың. Баламды кері қайтар,-деп бұйырады. Сол кезде Темір әскерін дүниенің төрт бұрышына жібереді. СОл кезден бастап Темір райынан қайтып, басқаша өмір сүреді\"
Міне терең мазмұн осында жатыр. Тіпті тас жүректің жүрегін жібітіп, тілін таба білетін адам ол АНА!
Жұмақ ана табанының астында, сол жұмақ есігін ашам десең ешқашан анаңды ренжітпе!
Бірде пайғамбарымызға Мұхаммед (с.ғ.с)ге біреу кеп:
-Ең алдымен жақсылықты кімге істейсің десе,
-АНАМА!,-депті.
-Жарайды, ал сосын кімге десе,
-АНАМА!,-депті.
-Иә түсіндім ғой, ал сонан соң ше? десе
-Тағыда АНАМА депті!
Міне пйғамбарымыздың өзі АНАН атаулыны қалай силаған!
Қазағымның бір сөзі бар емеспе, \"Анаңды з рет арқалап апарсаңда, ақ сүтін ақтай алмайсың\" деген. Сондықтан бауырларым Анамызды ардақтап, силап, көңіліне кірбің түсірмейік. Сол ақ сүтті ақтай алмайтын халге түспейік!
Анашым мен саған мәңгілік борыштармын. Ренжітсем кешірім өтінемін. Осы жарық дүние есігін ашып берген АНАШЫМ саған мың алғыс!)))))))))))))))