Көшіріп жазып ал.. .......
1Сүт
2Қаймақ
3Қүймақ
4Салат
5Камыр
Надеюсь помогла
Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. Қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой… «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. «Адам атамыз бен Хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп, сонда бидай иттің ұртында келген дейді. Итті «жеті қазынаның бірі» дейтін себебіміз адамзат сол иттің ырыздығын жеп жүр» деген бұрыннан келе жатқан аңыз бар. Бір таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы түрі бар. Айталық, алманың, жуаның, сұлының дегендей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Сол себептен де, қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне иланасың. Шынымен, осы қисынға, «бұл жердің дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен» дегенге біртүрлі сенгің келеді. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамға жамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан
Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы - Алматы қаласында Абай мен Байтұрсынов даңғылдары қиылысында орналасқан кешен. 1967 жылдары салынып 2011 жылғы Қысқы Азия ойындары қарсаңында қайта жөндеуден өтті. Қайта құрудан кейін Сарайдың сыйымдылығы 5000 орынды құрады, бұрын — 3800 орын. Қосымша 1000 орын орнатылды. Барлық инженерлік-техникалық коммуникацияларды ауыстырылды, шешінетін жер, медико-қалыптастыратын кешендер, демалыс бөлмелері, баспасөз орталығы, комментаторлық кабинкалар орналасатын қосалқы орындардың аумағы ұлғайды. Ең соңғы модификациядағы электрондық табло орнатылды. Сондай-ақ 850 машинаға парковка ұйымдастыру жоспарланған.[1]Аталмыш сарайдың жаңа келбеті Philips Қазақстан және SkyMax Technologies компанияларының бірлескен жобасы бойынша жүзеге асырылып, Азиаданың негізгі нысаны ретінде Спорт сарайы халықаралық стандарттарға сәйкес толығымен қайта жаңғыртылған болатын. Бірінші кезектегі 14,5 миллиард теңге игеріліп, іс жүзінде жұмыс жеріне жеткізілді. Кешеннің екінші кезегі – жабық жаттығу мұз айдыны мен 650 мәшинеге лайықталған 7 қабатты паркингтің құрылысы аяқталу үстінде. Жұмысты “Алматы” құрылыс-монтаж кәсіпорны атқаруда.
Недельный план переводится на казахском - апталық жоспар