<span>Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
Тозған қазды
Топтанған қарға алады.
Ынтымақ түбі –игілік,
Тірлік, тірлік түбі – бірлік.
Ағайын тату болса – ат көп,
Абысын тату болса – ас көп.
Теңге – тиыннан,
Ынтымақ – ұйымнан.</span><span>Ынтымақ түбі — игілік.
Екі құзғын таласса,
Бір қарғаға жем болар.
Көнектен шошынған бие оңбас,
Көптен бөлінген үй оңбас.
Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар.
Қырық кісі — бір жақ,
Қыңыр кісі — бір жақ.
Көптеген жау алады,
Көмектескен дау алады.
Күшенген жеңбейді,
Күші көп жеңеді.
Ынтымақ — бұзылмайтын қорған,
Қосылып еккен ағаш — орман.
Біреуің бас, біреуің аяқ бол,
Біреуің құйрық, біреуің қанат бол.
Аздың азаншысы болғанша,
Көптің қазаншысы бол.
Күш — бірлікте.
Саусақ бірікпей —
Ине ілікпейді.
Ауыл болса — қауым бол.
Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?
Біршілік болмай — тіршілік болмайды.
Ұйымдасқан ұтады.
Тоқтығында жараспаған,
Аштығында қараспайды.
Қосылғанның — қолы ұзын,
Қос керуеннің — жолы ұзын.
Байлық байлық емес, бірлік — байлық.
Қол жұмылмай — жылынбайды.
Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.
Құрама жиып ел өткен,
Құрақ жиып шөп еткен.
Ұйымдасқан ұтады.
Ынтымақтың арты игі.
Ынтымақсыз елді —
Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді —
Дұрысы билейді.
Жұрт келгендей жиын болсын,
Жұмылған қолдай ұйым болсын.
</span>
-сен елымыздегы актер актрисалармен кездескесын бе
-жок сен ше
-мен кздескенмын
-оын аты кым
-Азамат Сатыбалды
-я былемын ол кинода кушты ойнайды
Елiміздің астанада бәйтерек орналасқан. Бәйтерек-еліміздің ерекше бір символы. Бәйтеректен әсем де, әдемі қала Астана бейнесі көрінеді. Бәйтерек қазақ елінің мақтанышы.
Заман талабына сай үш тілді білу керек болғандықтан, мектебімізде бұл мәселе жоғарғы деңдейде жүргізілуде. Біз бұрын екі тілді жақсы меңгерген болсақ, енді үшінші тілді де үйренудеміз. Алғашқыда қиын болғанымен, қазір біраз көндігіп қалдық. Әрине, қиындықсыз іс бітпейді ғой. Бұл біздің болашағымыз үшін өте қажет екенін түсініп, алға қойылған міндетті орындауға тиіспіз.