Жидек-5 әріп, 5 дыбыс, 2 буын, 1 тасымал, жи-ашық , дек- бітеу ж- дауыссыз, ұяң и- дауысты, жіңішке , қысаң, езулік д-дауыссыз, ұяң е- жіңішке , жартылай ашық , езулік к- дауыссыз, қатаң
Катонқарағай ауданы емдік-сауықтыру туризмін дамыту үшін үлкен мүмкіндіктері бар, онда термальды радон көздері негізінде «Рахман қайнарлары» бальнеологиялық шипажай жұмыс істейді (1964 жылдан бастап жұмыс істейді), онда емдік процедуралардың кең спектрі ұсынылған.
Шипажай Катонқарағай мемлекеттік ұлттық саябағы аумағында орналасқан.
Шипажайдың құндылығы – минералды радон көздерінде.
Шипажай жыл бойы істейді, бір жылда орташа алғанда 2-2,5 мың адамды қабылдайды.
2013 жылы келушілер саны 2012 жылмен салыстырғанда 1,3 есе (2012 жылы 2128 адам, 2013 жылы – 2690 адам).
Шипажайдың сыйымдылығы - 80 орын, профилі - бальнеотерапевтік.
Негізгі проблема жетудің қиындығы, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін инфрақұрылымның болмауы, тұрғын үй мен тамақтандырудың төмен сапасы, қызмет көрсету сапасы мен деңгейінің сәйкессіздігі.
Емдік-сауықтыру туризмінің екінші маңызды бағыты пантымен емдеу болып табылады. Бұл бағыт перспективада Шығыс Қазақстан туризмінің халықаралық мамандануын анықтай алады, себебі ел ішінде басқа жерде мұндай қызметтер көрсетілмейді, ал пантымен емдеу үшін аздаған елдердің ғана жеткілікті ресурсы бар.
Емдеудің бұл түрі дамып келеді және Шығыс Қазақстандағы емдік-сауықтыру туризмін одан әрі дамыту үшін үлкен әлеуеті бар.
Туризмнің бұл түрін негізгі және ең ірі ұсынушы Катонқарағай ауданы болып табылады. Мұнда 6 емдік-сауықтыру кешені бар, үшеуінде жыл бойы қызмет көрсетіледі. Пантымен емдеу қызметтерін көрсететін туристік нысандардың жиынтық сыйымдылығы 200 төсек-орын.
Пантымен емдеу маусымнан тамызға дейін жүзеге асырылады, келушілердің ең көбі шілде айына келеді. Осы кезеңде шипажай шамамен 400-500 адамды қабылдайды.
Бұдан басқа, пантымен емдеу Күршім, Жарма, Зайсан, Зырян аудандарында жүзеге асырылады.
Жалпы облыста 14 пантымен емдеу орны бар, соның ішінде 290 орындық жыл бойғы, жыл сайын бұл емдеу орындары 5,5 мың адамнан аса қабылдай алады.
Қазақта өтірік айту- өрге баспайды дегег даналы сөз бар. Ал ислам дінінде өтірік сөйлеу – күнə. Өтірік дегеніміз, шындықты жасырып айту немесе ақиқатты бұрмалап, шындыққа жанаспайтын мəлімет жеткізу.
Адамдарға өтірік айту – арсыздықтың белгісі. Өтірік адамның еңбегін күйдіріп, жоқ ететін қате амалдардың санатына жатады. Өтірікті – адамның ашық дұшпаны екенін Абай атамыз былай айтып кеткен:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз...
Бұл өтіріктің залалы басқаларға өтіп, қоғамдағы əділдік пен тəртіпті бұзып, тұрақтылыққа сызат түсіруі мүмкін. Өтірік жүрген жерде адамның бір-біріне сенімсіздігі пайда болады да, береке кетеді. Сондықтан да асыл дініміз өтірік сөйлеуден сақ болуға шақырады.
1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді.
«бас кала - Астанам» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.
Тәуелдеу
жекеше
менің демалысым
сенің демалысың
сіздің демалысыңыз
оның демалысы
көпше
біздің демалысымыз
сендердің демалыстарың
сіздердің демалыстарыңыз
олардың демалыстары
септеу
А.с. не? демалыс
І.с. ненің?демалыстың
Б.с.неге? демалысқа
Т.с.нені? демалысты
Ж.с. неде? демалыста
Ш.с. неден? демалыстан
К.с.немен? демалыспен