Кен орны, кен байлықтары – мөлшері мен сапасы жағынан өндірістік игеруге тиімді жер бетіндегі немесе қойнауындағы минералдық заттардың шоғыры. Кен орындары жер қыртысындағы әр түрлі геологиялық процестер нәтижесінде түзіледі. Табиғаттағы түзілу тегіне қарай Кен орындары магмалық (тереңдегі,эндогендік), метаморфтық және шөгінді(жер бетіндегі, экзогендік) болып үш топқа бөлінеді. Магмалық Кен орындары интрузивті массивтердің ішінде, олардың алғашқы қалыптасуына бейімделе қабат пішіндес денелер түзеді немесе жарықшақтарды толтырып, желілер түрінде қалыптасады. Бұл топқа хром, титан, ванадий,фосфор, никель, кобальт, мыс, платина, т.б. Кен орындары жатады. Магмалық Кен орындарының топтамалары: жапсарлық кендер менгидротермальдық кендер. Метаморфтық Кен орнытау жыныстарының өзгеріске ұшырауынан түзіледі. Бұл топқа темір, марганец, никель, кобальт, боксит,каолин, уран, фосфор, т.б. Кен орындары жатады. Шөгінді Кен орындары тау жыныстарының өзен,көл, мұхиттардың түбінде шөгуі салдарынан пайда болады. Оған ас тұзы, калий тұзы, бораттар, тас көмір, т.б. Кен орындары жатады. Халық шаруашылығында пайдалануына қарай Кен байлықтары негізгі 3 топқа бөлінеді: металдық кендер (металлургияда шикізат ретінде қолданылатын темір, марганец, қорғасын, мырыш, т.б. кентастар), бейметалдық кендер (керамика,силикат, құрылыс материалдары, слюда, асбест,графит, тұз кентастары, т.б.), жанғыш кендер (мұнай,тас көмір, газ). Кен орындары жер бетінен төмен қарай орналасуына қарай ультраабиссальдық (10 – 15 км-ден көп), абиссальдық (3 – 5 км-ден 10 – 15 км-ге дейін), гипабиссальдық (1 – 1,5 км-ден 3 – 5 км-ге дейін) және жер бетіне жақын (1 – 1,5 км) болып бөлінеді. Қазақстандағы Кен орындарын іздеу мен ашу, оларды барлауда КСРО ғылым академиясының Қ.И. Сәтбаев бастаған ғалымдарИ.И. Бок, Г.Н. Щерба, А.Қ. Қайыпов елімізде бірінші рет Қазақстанның металлогениялық болжам картасын жасап, республика аумағында Кен орындарының орналасу заңдылықтарын негіздеді.
Класть ребенка в бесик, предоставлялось старшим или же почетным бабушкам, женщинам. Они изгоняют злых духов, и кладут ребенка в бесик, а позже укачивают его. Тому кто уложил ребенка в бесик давался "бесікке салар", а точнее давалась награда. В этот счастливый момент пелся "бесік жыры". Эта традиция очень хорошо влияла на здоровье ребенка. При этом тело ребенка будет правильно расти.