Перепроверь второе задание.
Бурабай, Жақып, көлге, Сиыртас пен Шошқатасқа, Оқжетпес пен Көкшеге, Біржан, əн, Бөлектауға
<span>Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет. Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті-асқақтаған арманының ең бірінші баспалдағы. Мамандығыңды таңдаған сәтте сол кәсіптің білгірі болуы шарт. Менің қалаған мамандығым журналист. Журналистер әрбір естіген, байқаған нәрсесін көзбен көріп, соны жазбаса тағат таппай ой түйсігінен өткізіп халық арасында болып жатқан көкейкесті мәселелер мен болған оқиғаларға бейжай қарай алмайтын мамандық иесі. Журналист мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда шоқтығы биік тұрады. Журналистің басты мақсаттарының бірі-халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалу. Бұл мамандық адам бойындағы бүкіл өнерін, қабілетін, жақсы қасиеттерін ашуға көмектеседі. Негізінен бұл - аса қауіпті мамандықтың бірі болып табылады. Сондықтан да осы мамандық аса батылдықты талап етеді. Жақсы журналист жақсылықты көреді, жаман журналист кемшілікті көреді. Жақсы журналист көргенін жазады, ал жаман журналист біреуден естігенін жазады. Журналист сан түрлі ғылым саласына еркін ой жүгірте алатын тұлға болғаны ләзім. Журналистика мамандығының хас шебері атанғым келеді. Бұл кәсіптің бүкіл қыр-сырын игеріп, тереңінде жатқан асыл маржандарын теріп, білікті маман иесі болғым келеді. «Журналист - халық пен билікті байланыстыратын көпір»-дейді. Жалпы айтқанда журналист адам мен өнерді дәнекерлеуші.</span>
Здесь нужно найти
синонимы
и антонимы