Кен орны, кен байлықтары – мөлшері мен сапасы жағынан өндірістік игеруге тиімді жер бетіндегі немесе қойнауындағы минералдық заттардың шоғыры. Кен орындары жер қыртысындағы әр түрлі геологиялық процестер нәтижесінде түзіледі. Табиғаттағы түзілу тегіне қарай Кен орындары магмалық (тереңдегі,эндогендік), метаморфтық және шөгінді(жер бетіндегі, экзогендік) болып үш топқа бөлінеді. Магмалық Кен орындары интрузивті массивтердің ішінде, олардың алғашқы қалыптасуына бейімделе қабат пішіндес денелер түзеді немесе жарықшақтарды толтырып, желілер түрінде қалыптасады. Бұл топқа хром, титан, ванадий,фосфор, никель, кобальт, мыс, платина, т.б. Кен орындары жатады. Магмалық Кен орындарының топтамалары: жапсарлық кендер менгидротермальдық кендер. Метаморфтық Кен орнытау жыныстарының өзгеріске ұшырауынан түзіледі. Бұл топқа темір, марганец, никель, кобальт, боксит,каолин, уран, фосфор, т.б. Кен орындары жатады. Шөгінді Кен орындары тау жыныстарының өзен,көл, мұхиттардың түбінде шөгуі салдарынан пайда болады. Оған ас тұзы, калий тұзы, бораттар, тас көмір, т.б. Кен орындары жатады. Халық шаруашылығында пайдалануына қарай Кен байлықтары негізгі 3 топқа бөлінеді: металдық кендер (металлургияда шикізат ретінде қолданылатын темір, марганец, қорғасын, мырыш, т.б. кентастар), бейметалдық кендер (керамика,силикат, құрылыс материалдары, слюда, асбест,графит, тұз кентастары, т.б.), жанғыш кендер (мұнай,тас көмір, газ). Кен орындары жер бетінен төмен қарай орналасуына қарай ультраабиссальдық (10 – 15 км-ден көп), абиссальдық (3 – 5 км-ден 10 – 15 км-ге дейін), гипабиссальдық (1 – 1,5 км-ден 3 – 5 км-ге дейін) және жер бетіне жақын (1 – 1,5 км) болып бөлінеді. Қазақстандағы Кен орындарын іздеу мен ашу, оларды барлауда КСРО ғылым академиясының Қ.И. Сәтбаев бастаған ғалымдарИ.И. Бок, Г.Н. Щерба, А.Қ. Қайыпов елімізде бірінші рет Қазақстанның металлогениялық болжам картасын жасап, республика аумағында Кен орындарының орналасу заңдылықтарын негіздеді.
Бәйтерек – Нұр-Сұлтан қаласындағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.
«Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы А.Рүстембеков (топ жетекшісі), С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов; сондай-ақ оның жобасын жасауға “Аэропорт” ААҚ, “ЭМК” ЖШС, “Архфонд” ЖАҚ, Архитекторлар одағы және “Алуа” ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысты; ал құрылысын “Имсталькон” ААҚ құрылыс компаниясы (бас директоры В.Т. Кананыхин) салды. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.
Бұл нысан әлемдік Сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Астана қаласында Сәулетшілер одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде “Бәйтерек” кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді.
<span>Астанаға саяхат, Шілде айында біз отбасымызбен Астанада болдық, астаның архитектурасы мені таңқылдырды,не деген уйлер,!Конресс- холл,Байтерек,тағы да көптеген монументтер,Астана қаласы Есіл өзенінң бойында орналасқан,Біз кемеге отырып Есіл бойымен серуендедік,Келесі күні біз'Думан' центірінде болдық,Оның ішінде көптеген қызықты ойын-сауық кешендері бар,"Океанариум"-таңғажайып мұхит әлемі,балықтың сан алуан түрлері бар,Маған ұнағаны ақ акула,үлкен тасбақалар,Ал 'Джунгли"атты шоуда өткен дәуріміздегі динозаврлар,крокодилдер,кинодағы Кинг-конгта бар,Менің Астанаға барған саяхатым осындай!</span>
Аноним де, синоним де лексикаға жатады. Екеуі де бір сөз табы болады.
Ант.- мағынасы қарама-қарсы болса, синон. әр түрлі сөздер бола тұра, бір мағынаны береді.
<span>Ұйқы адамдар тіршілігінде өте маңызды орын алады. Адам уйықтағанда өзін еркін сезінеді. Шаршағаны басылып,жайбырақат демалып жатады. Ұйқы ережесін білу міндетті. Себебі адам дұрыс ұйықтаса , таңертең өзін сергек сезінеді. Ұйқытағанда дұрыс жатса еш жері ауырмайды , омыртқасы тік боп өседі.
</span>