Әкесі мен баласы жолдан көне тағаны көреді.Әкесі баласына тағаны алшы дейді.Бірақ бала алғысы келмейді.Содан соң әкесі тағаны өзі алады.Сол тағаны сатып, оған шие сатып алады.Жолда келе жатып, әкесі шиені біртіндеп жерге тастап отырады.Баласы сол түскен шиені теріп жеп жүреді.Сонда әкесі былай дейді "сен тағаны жерден алуға еріндің, ал шиені жерден теру үшін қанша рет еңкейдің, шиені осы тағаның ақшасына алдық емес пе?" дейді.
Менің атым Аружан .Мен үшінші сыныпта оқимын.Мен Бейсен Онтаев көшесінде тұрамын.Менің көшем үлкен,кең жəне таза.
Ананды құрметте себебі ол сені осы дүниеге әкеліп осы күнге дейін қанша тер төгіп сені өсірді балам ешкімнен қалмасын оны мазақтамасын деп күнмен түнмен жұмыс істеді болашақта балалар өз ата аналарын құрметтеп бағады деген ойдамын
Бәйтерек – Нұр-Сұлтан қаласындағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.
«Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы А.Рүстембеков (топ жетекшісі), С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов; сондай-ақ оның жобасын жасауға “Аэропорт” ААҚ, “ЭМК” ЖШС, “Архфонд” ЖАҚ, Архитекторлар одағы және “Алуа” ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысты; ал құрылысын “Имсталькон” ААҚ құрылыс компаниясы (бас директоры В.Т. Кананыхин) салды. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.
Бұл нысан әлемдік Сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Астана қаласында Сәулетшілер одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде “Бәйтерек” кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді.
СПОРТТЫҢ НЕГІЗІ – «ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА»
Жеңіл атлетика- ежелден келе жатқан спорттың бір түрі. Жеңіл атлетикадағы – жүгіру, әр түрлі қашықтыққа жүгіру, 30м, 60м, 100м, 200м, — 800м – 1500м – 3000м, 5000м – 10000м – және марафон 42 шақырым195 метржүгіру жатады.
Жүгіру түрлеріне және оның қозғалыс техникасына тоқталсақ. Әр қашықтыққа байланысты жүгірудің техникасы және жарыста жеңу тактикасы өзгеше. Мысалы: қысқа қашықтыққа жүгіру. Алғашқы үйренетіміз – қол және аяқты сермеу техникасы, сөреден жылдам шығу техникасы, сөреде тұрғандағы яқты, қолды тіреу, уақытты жібермей орнынан тез қозғалу.
Сөреден тез шыққаннан кейінгі аралықта шапшаңдықты үдету, спортшы бұл жерде денесін алдыға ұмсынып қолымен тез қтмылдар жасау керек. Келесі ретте шапшаңдықты үдету үшін спортшының денесі бірте-бірте түзеліп, аяқ алысы бұрынғысынан алшақтау, қолы кең амплитуда жұмыс жасауы қажет. Аяқтары жерге нық тіреліп, итеру күші үлкейе түседі, қолмен ауаны қармап шапшаңдықты өсіреді, ал тыныс алу органдары үздіксіз дем алу, шығаруды кедергісіз жасайды. Мүмкіндігінше барлық дене мүшелерінің бұлшық еттері қозғалысқа көмектеседі. Сондықтан жаттығу кезінде спортшылар өз денелерінің бұлшық еттерін жаттықтырады.