Менің бір күнім.
Мен өзімнің жаздыгүнгі бір күнімді баяндап берейін.Мен өзім жан-жақты адаммын.Көп үйірмелерге барамын.Сондықтан күнімді алдын ала жоспарлауды тырысамын.Себебі,жоспар арқылы күні бойы қойылған тізбектерді үлгеремін.
Таңертең мен сағат тоғызда тұрамын.Жуынып,тамақ ішемін. Жаз болса да,күнімді босқа өткізбеймін.Кітап оқимын,далаға шығамын,саябақтарға барамын. Тоғыздан-онға дейін мен кітап оқимын.Ал сосын далаға шығамын.Сағат бірде үйге келіп,түскі асымды ішемін.Ал сағат екіде мен сурет үйірмесіне барамын.Сағат бесте келіп,үйді жинаймын.Ал жетіде кешкі асымды ішемін.Сосын мен бірнеше уақыт демаламын.Ал сағат онда,мен ұйқыға даярланымын.Осылай менің күнім өтті.
Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке.
Адам баласы, адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Әсіресе, ғасыр, мыңжылдық сынды,тарихта өшпес ізі қалатын межелі кезеңдер таянғанда қатты қобалжығаны рас. Үшінші мыңжылдыққа аяқ басу үшін де бір ғасыр бойы дұрыстап әзірленіп, әр қилы милленаристік қозғалыстарды бастапты. Сарыуайымшылдар қауымы: «Киелі кітапта айтылатын қиямет-қайым деген орнаса, осы жолы орнайды. Жасаған күнәміз,істеген жаман істеріміз шашымыздан да асып кетті. Ол үшін күллі адамзат болып жауап беретін кезіміз енді келді», – деп қорқыпты. Қиялшылдар қауымы: «Жаратқанның жердегі,ақ желкенді кемемен жақсылық жағасына асыққан үмбетін тегіс жарылқайтын заманы енді орнайды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнауын талай күтсек, енді сол заманға аяқ бастық», – деп қуаныпты.
Сөйткен жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдық келді.Сол ғасырдың қызығын көріп өмір сүріп жатқан біз бір пендеміз.Сәуегейлер қанша құйқылжытқанмен, әзір бәрі бәз-баяғысынша. Таң орынынан атып тұр. Күн орынынан батып тұр. Қиямет-қайым болған жоқ
Көз адамның ең керемет ,əрі ең қызмет жақсы атқаратын мүше болып табылады. Көзден адам айналадан 90% ақпарат алады екен. Көз адамның өте қажетті қызмет атқаратын жүйке жүйесіне жататын мүшесі. Оған зиян келетін заттардан аулақ ұстауымыз керек ,яғни химиялық зиян келтіретін косметикалар , қаты жарық жəне кітапты жатып оқудан аулақ болу керек. Көзді ұқыппен бағалайық.
Әлемде көп халықтар бар.Олардың өз ана тілдері бар. Менің ана тілім орыс тілі.Біздің мемлекетіміз көп ұлтты, бәрінде ана тілі бар, ал мемлекеттік тілі бір ғана. Біз әр тілді құрметтеуге тырысамыз.