-Жер тоймай,ел тоймайды
Жеріне қарай тал ек,
Жолына қарай жек
-Қыс азығын жаз жина
-Не ексең,соны орасың
-Қатты жерге егін шықпас
Қаңғыған басқа білім жұқпас
Сөздерді сәйкестендіріп, сөйлем құра. Менің, қобыздың, ағам, ол, Алихан, музыка, үлкен, қобызда, үні, қобызды, ағам, мектебынде,
Dobruniy
Менің ағам музыка оқиды .
Ағам қобызда жақсы ойнайды.
Әлихан маған қобызды тартады.
«Астана Опера» – тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген театр. Оның құрылысы барысын да ҚР Президенті Н.Назарбаев жеке бақылауында ұстады. Дәл осы алып театр сахнасынан 2012 жылы 14 желтоқсанда жариялаған «Қазақстан – 2050» стратегиясында Мемлекет басшысы: «біз рухани мәселелер экономикалық және материалдық тәртіптегі мәселелерден кем емес мәнге ие болатын мемлекеттік даму кезеңіне аяқ бастық» деп атап көрсеткен болатын. Театр шымылдығын тұңғыш түру құрметі Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектакліне берілді. Биылғы жылы қазақтың осы ұлы композиторының туғанына 100 жыл толады. «Астана Опера» директоры Төлеген Мұхамеджанов қазақтың мәдени мұрасына айналған осы тамаша операмен ашылуы театр үшін айрықша құрмет екендігін нықтады. «Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Ал, «Ослодағы опералық театрдың үлкен сахнасының ені небары 16 метр, ал тереңдігі 40 метр» дейді Мұхтар Абрарұлы. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол.
Сахна астында, 12 метр тереңдікте «төменгі деңгей», яғни автоматты басқару жүйесі бар машинарий залы орналасқан. «Осының барлығы «Астана Опера» сахнасын әлемдегі ең бір техникалық жарақтандырылған сахналардың қатарына қосады» дейді Мәдениет және ақпарат министрі. Оркестр шұңқыры үш тұғырнамада тұрады. Олар әртүрлі деңгейлерде жайластырылған және 120 музыканттың орын тебуіне есептеліпті.
«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.
музыка-
белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі. Өзінің эмоциялық әсері арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөл атқарады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциялық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да музыкада ашуға жағдай тудырады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ музыка идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейді.
Себебі ол адал,мені ешқашан артпайды.Менің досым мені өте жақсы түсінеді.Жылағанда қасымда табылып, жұбатады