Əдемі айттым,аса конiл,тiпті коп,нагыз демалу,сонша жауды,амалсыздыктан бактым.
<span>Менің Отаным – Қазақстан.
Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі - Қазақстан халқының асыл қазынасы. Қазақ тілінде өте көп газеттер, журналдар шығарылады.. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы. Астана әсем қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Тамаша салынған ғимараттарға еріксіз көз саласың. Астанада саябақтар,мектептер, мөлтік аудандар көп. Саябақтар өте әдемі. Мұнда әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады
</span>
Ас атасы – нан.<span>Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар. Астың, дәмнің үлкені – нан. Ол бидай ұнынан жасалады. Нан қасиетті тағам. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, қуат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар.
</span>
<span>Жеріміз кең, соған қарай табиғи орталарымыз әр түрлі, ал жер қойнауымыз өте
бай екен. Жеріміздің оңтүстігі мен шығысы биік тауларға барып тірелсе, орталық
бөлігі кең жазиралы жазық, ал батысы Каспий теңізіне тірелетін, солтүстігі
Сібірмен шектеседі. Жеріміздің негізгі бөлігі қуаң, шөлейт және шөлді аймаққа
орналасқанымен, су қоры өте мол. Қазақ жерінде Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз,
Марқакөл, Шалқар сияқты көлдер бар. Сонымен бірге жерімізде Ертіс, Жайық,
Сырдария, Іле, Шу, Есіл, Нұра, Тобыл сияқты өзендері ағады. Қазқастанның ауа
райы негізінен континиталды климат болғанымен, осылардың әсерінен төрт
климаттық аймаққа, он бес ауданға бөлінеді. Ғалымдадың айтуынша бес мыңдай
өсімдік, сүтқоректілердің жүз елу сегіз, құстардың төрт жүз сексен бес,
балықтардың жүз елу, бауырымен жорғаулаушылардың елу екі түрі бар. қазақстанның
көптеген қазба байлығы бар. Қазақстан жерінде Менделеев кестесіндегі барлық
химиялық элементтері кездеседі. </span>
Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын.Мереке-қуанышта,қайғы-қасіретте,басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі,айырылмас досы болған. Менің атам жылқышы болған. Мен де жылқыны жақсы көремін. Жылқы жайлы көп білгім келеді. Осы уақытқа дейін білгендерімді айтар болсам: Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп.