✔ Жолда кеткен ақ қоян, Жолға қарап отырды. Қарға менен құзғынды, Ұйқыменен жоқ қылды. (Қыс) ✔ Жолда кеткен ақ қоян, Жолға қарап отырды. Қарға менен құзғынды, Ұйқыменен жоқ қылды. (Қыс) ✔ Аспанда қаһарланған алты терек, Ұясы алтауының бөлек-бөлек. (Алты ай қыс) ✔ Көрсең реңді, қарасаң көрікті, Ол болмаса жұрттың бәрі Бір бәлеге жолықты. (Жаз) ✔ Шақырса келмес, Жаяу жүрмес. (Жаз) ✔ Тауда дарақ, екі бұтақ, Біреуі гүлді, біреуі гүлсіз. (Жыл, жаз, қыз) ✔ Базардан бір текемет алдым сатып, Алты айдай текеметте жүрдім жатып. Бұл іске мен ғажайып болып тұрдым, Қалды ғой алты айдан соң айран қатып. (Жаз бен қыс) ✔ Басына биік таудың бітеді раң, Жайлайды ол раңды екі түрлі аң. Қолына өткір семсер қылыш алып, Шығады аң аулауға салып ұран. Ат мінген бұл екеуі жүгендемей, Дүниені кетпекші емес түгендемей, Астында екеуінің аты бар, Құрығы шолақ болған бөгендемей. (Жыл, жаз, қыс) ✔ Жерде жоқ, көкте жоқ, Бір әңгелектен әңгелек шығады. Он екі бөлек, Біреуі-ащы, Біреуі-тұщы. (Он екі ай, жаз бен қыс) ✔ Екі үлкен нар көрдім, Бірінің жақсы нұры бар, Бірінің жаман түрі бар, Арасында үзілмес бұйда жібі бар. (Жаз бен қыс)
Тоғызқұмалақ-ежелден келе жатқан ұлттық математикалық ойын. Тоғызқұмалақ ойыны ойыншының есептеуге жүйрік болуын талап етеді. Тоғызқұмалақ ойыны үшін арнайы орынның қажеті жоқ. Бар болғаны тоғызқұмалақ тақтасы мен мен тастары керек. Тастарды құмалақ дейді. Оны далада да, үйде де ойнай береді. Тоғызқұмалақ тақтасында көптеген ұялар болады. Әдетте, тоғызқұмалақ ойынында ойнаушылар екеу болады.