Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз -
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе,
Отанның сен не екенін?
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан - мекенің!
Құмырсқалардың өзара қауымдасып, азық қамдап, қалай тіршілік жасайтындарынан бастап, дене құрылысының ерекшеліктеріне дейін тәптіштеп баяндау өте қызық.
Құмырсқалар өмірін зерттеп жүргендердің бірі күтпеген жерден бір күні қызық тәжірибе жасаған. Тез жүгіріп келе жатқан құмырсқаның жолында көлденең олжа бір түйір ет жатқан. Ол түйсігіне бағып, жаңағы азықты сүйреп, ары бері болмаған соң тұрып қпалды. Өз денесінен он шақты есеге дейін үлкен олжаны көтеріп те, сүйретіп те алмағансоң, ол дереу барып көмеккебасқаларын шақырды. Әлгі зерттеуші түйір етті тығып, байқап отырды. Олар шыр айналып, ары бері іздеп, таппады. Ана құмырқаны ұрысқандай болып, атыла жөнеледі. Бәрі кетіп қалып, әлі де болса жаңағы құмырсқа сол маңайды қайтадан іздейді. Зерттеуші азамат түйір етті қойған жеріне қойып, қуанған құмырсқа шапқылап барып, қайтадан шақырады, тағы да жоқ. Осылай құмырсқаны төрт рет зерттеп көрген екен. Қасындағы құмырсқалары ең соңында алдаусыратқан дегеноймен жаңағы құмырсқаны парша паршасын шығарып тастайды. Аянышты оқиға.
Олар бар тапқанын ортақ қамбаға жинайды екен. Оны бақылап тексеріп дәмін татып көретін ең үлкен патшайымдары.Барынша әділ еңбек етеді. Бір қауымдастықтың құмырсқалары келесі көрілердің азықтарына мүлдем тиіспейді. Шекара бар. Шекараға түскен жағдайда талқанын шығарады. Құмырсқалар әлемі тұнып тұрған еңбекқорлық, әділдік, тазалық.
Жинаған азықтарын жиі аударып тұрады. Себебі өніп, не көгеріп кетпес үшін. Ал егер көгеріп бүлінген жағдайда, екіге бөліп, күн ашық жағдайда, жаңбырсыз күндері, далаға шығарып, кептіріп алады. Құмырсқалар илеуінің айналасынан шашылған дақылдарды көретініміз сол жағдай.
Ең қызығы құмырсқаның бір жылдық азығын бидпайдың 3 дәні ғана құрайды. Егер қыс ұзап кетсе, болмаса, ұяларының шығар аузыбітеліп қалса, не болмаса басқа жағдай болған кезде, азықтарын үнемдеу керек болса, үш түйір дәнді олар 2 жыл азық етіңп сақтайды.
Антоним - бір-біріне қарама қарсы сөздер.
Синоним - жазылу және айтылу және әртүрлі, бірақ мағынасы бойынша бір-біріне жақын сөздер.
Омоним - айтылу бір, бірақ мағынасы әртүрлі.
Аққу – суда жүзетін ең ірі құс. Оның сұлулығы бір төбе болса, өмір сүру тәртібі мүлде бөлек әңгіме. Олай дейтініміз, аққу – жұп болып өмір сүретін жаратылыс. Әр жұп өзіне лайық аймаққа қонып, мекенін сырт көзден қорғайды. Аққу суда дауыс көтермей, тыныш қана жүзеді. Топ болып ұшатын аққуларды ең мықтысы бастайды. Көшбасшы аққу шаршағанда, оны екінші аққу алмастырады. Салмағы ауыр болғандықтан, аққудың қонуы оңай емес. Сондықтан да олар жерге емес, суға қонады. Қорегі – су өсімдіктері мен су жәндіктері.
Аққу өзі таңдаған серігіне өмір бойы адал болып өтеді. Серігінен айырылған аққу өз-өзін биіктен төмен қарай тастап өледі деседі. Бірақ бұл тұжырымды ғалымдар растаған жоқ. Ал аққулардың өз жұбын бір рет қана таңдайтыны дәлелденген. Міне, осы себептен де аққу - адал, пәк махаббат белгісі делінеді. Бір-біріне иілгенде жүрек пішінін жасайтыны - табиғаттың таңдай қақтыратын ғаламат шеберлігі. Аққу – киесі бар қасиетті құс. Атам қазақ "аққуды атпа, досыңды сатпа" деген өсиет қалдырып кеткен.
Ерекше сұлу тіршілік иесінің 7 түрі бар.