Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.
Ең бірінші отбасы мүшелеріне мейірімділікпен қарап жақсы көру керек.
Бекзат Саттарханов- қазақстандық спортшы. Ол көптеген күміс медальдардың иегері,және 2000 жылғы жазғы Олимпиада ойының чемпионы.Екі мыңыншы жылы отыз бірінші желтоқсанда қаза болды
Ольга Шишигина Қазақстандық жеңіл атлетші. Жабық стадионның кедергілі жүгірістің Әлем Чемпионы, спортқа еңбегі сіңген шебер
Алматы - менің сүйікті қалам. Әдемі көркімен, жанға жайлы ғимараттарымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар,сірә! Алатауы айқара ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаяды. Онсыз да әсем әнмен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Алматы - үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Табиғаты да өте керемет. Жетісудың еркесіндей елітіп, еркелей түседі. Арманыңды арманға жалғайды. Қаланың табиғаты, зәулім үйлері барлығы да бейне бір әсем әуендей. Әрқайсысының өз орны бар, әр ағашы да, үйі де жарасымды. Алайда, бұл сұлулық мәңгілік жасай бермейді. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайы бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екендігіміз де рас, егер әрбір тұрғын өзінің ауласын,жүрген жерін таза ұстап, Табиғат - Ананы естен шығармай жүрсе, нұр үстіне нұр болар еді. Алматы қаласының болашағы - өзіміздің қолымызда.
Айтайын ба??
жуйрык ат онл тез жугиреды жане оган кейдыр адамдар отыра алмайды уйткены оны оруша айтканда приручить керек