Сен баспалдақпен жоғары көтеріл.
Осы көшемен төмен түс, сол жағында театр тұр.
Адамгершілігі мол дос. Қиындыққа тап болғанда көмектеседі.
Мейірімді дос. Бір нəрсе қажет болғанда береді жəне көмектеседі.
Төзімді дос. Сенің еркелігіңді көтереді.
Қарапайым дос. Семен ақша үшін дос болмайды.
жомарт дос. Сенен ештеңені аямайды.
Сенімді дос. Сен айтқан кез келген сырды сақтайды.
Сабырлы дос. Кейде ашуына тигенде сабырлы болады.
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.
Біз сыныппен табиғатқа саяхатқа шықтық. Саяхатқа тек қана керек заттарды алдық. Тамақты да ұмытқан жоқпыз. Табиғатқа келіп біз талғандық. Табиғат өте әдемі екен. Алыста жануарлардың дыбыстары естілді. Қасымызда кішкентай өзен ағып жүр. Аспанда құстардың әнін естейміз. Маған олардың әні қатты ұнады. Біз тамақты оттың алдында жедік, себебі дала салқын болды. Бірақ, салқын ауа аз сезінді. Өйткені маған өте табиғат ұнады.
Қыс келді,Айнала аппақ қалың қар жатыр.Азамат, Ерлан, Сауле аулаға ойнауға шықты.Аулада олар ағашта отырған торғайларды көрді.Торғайлар қыстап қалатын құстар..Балалар ағашқа торғайлардың жем сауытын ілді.Олар жем сауытқа жем салды.Қыстап қалатын құстарға қыста жем табу қиын.Сондықтан оларға жем шашуды ұмытпау керек.Құстар біздің досымыз.Олар ағаштарды,бау -бақшаларды зиянды құрттардан сақтайды.