Ол бұл тойға ақ ниет, ақ тілекпен келді. Қабаққа қарау, басқаның ой-пікірімен санасу, ақылдасып бір шешімге келу сыйластықтың белгісі. Сіз сөзіңізде тұрады,- деп ойлаймын, берген уәдеңізден бұлжымассыз? Келген қонаққа дәм-тұз ұсыну ата салтымыз. Бұндай үлкен істі орындау тектілік. Біреуді қарғау жаман әдет. Үлкенді силау, ата-ананы құрметтеу-ұлттық әдеп. Тәрбиелі адам ерсі қимыл жасамайды. Ғайбат айтпау, өтірік сөйлемеу мәдениеттілік.
<span>ТАПҚЫР БАЛА
</span>
Бұрынғы
заманда бір ханнын адам тілін білетін қырық есегі болыпты. Хан
есектерін көзден таса жерде ұстап, сөз үйретеді екен. Содан кейін барып,
еліне жар салады:
— Кімде-кім менің қырық есегімен отын әкеліп беретін болса, қызымды беремін. Отын алып келе алмаса — басын кесемін.
Әуелде
хан есектерінің сырын білмеген талай адам,есекпен отын әкеп беріп қыз
алмақ болып, отын алып келе алмай, әуреге түседі. Талай адамның басы
кесіледі.
Сөйтіп, кім отын әкеліп беруге келіссе, хан есектеріне арнайы тапсырма беріп жібереді.
—Отынға барған соң, сендер айдағанға көнбендер. Біреуің орындарыннан
қозғалмай тұр да, біреуің қозғалмай жатып ал. Бірің жүрсең, бірің жүрме.
Осы айттқанды орындамасандар бәрінді қырамын!
Хан осылай қорқытады. Есектер ханның жарлығын амалсыз орындайды. Таяққа да, қамауға да жан үшін шыдайды.
Күндердің
бірінде бұл хабарды сол елдегі тапқыр,амалшыл бір жетім бала естиді.
Ханның аллдына келіп, отын әкеліп беруге әзір екенін мәлімдейді.
—Уәдеңізде тұрасыз ба, тақсыр, қырық есегіңізбен отын әкеліп беремін!— дейді бала. Хан мысқылдай күледі.
—Мықты болсаң, алып кел!
Бала
ханның қырық есегін алдына салып алып, тыпырлата айдап, отын әкелуге
кетеді. Тауға барып, отын жинайды да, оны қырық есекке артады. Содан
кейін айдаса, есектер жүрмейді. Ыңыранып жата-жата кетеді. Бірін
тұрғызса, екіншісі жатады. Бала әбден әбігерге түседі. Сөйтіп жүріп,
күнді батырады. Бала олай ойлайды, былай ойлайды. Ақыры бір амал табады.
—Ойбай, қасқыр қаптады. Караңғы түнде сендермен әуре болып жүріп,
басымды қаскырға мұжытпайын!— деп тұра қашады. Есектер де шоши бастайды.
«Қасқырдың аузына түсіп, мылжаланып өлгенше, ханның өзі-ақ бауыздап
өлтірсін!» деп тіл білетін есектер дүркіреп үрке жөнеледі. Табандары
жерге тимей, жорта жөнеледі. Бәріне отын артылған. Құлақтарын қалқита,
пысылдай пысқырынып, аулаға топырлай кіреді.
—
Тақсыр хан, отынды түсіріп, есектеріңізді қораға қамап қойдым,— дейді
бала. Хан қара терге түскен есектерін, үйіліп жатқан отынды көріп шошып
кетеді.
Сөйтіп, тапқыр бала айлакер ханды отырғызыпты.
Сәлем (аты)! Мен бүгін саған хат жазып отырмын, хатымды бастамас бұрын жағдайынды сұрап алайын. Жалпы жағдайын қалай? Денсаулығыңше? Ауырмай шаршамай жүрсінба? Жалпы үй-ішіңнің халі қалай? Асылхан есіңдеме біз алғаш мектеп табалдырығын аттағанда сенде менде кіп -кішкентай едік. Ол кездерде қызық еді ия?! Мен қуанамын сендей досыммен бір сыныпта оқығаныма. Біз осы сәтке дейін керемет уақыттарды бірге өткіздік мен оған қатты қуанамын. Асылхан есіңдеме сен 4ші сыныпта деп(бір қызық оқиғасын жазып қойсаңыз олады) Мен осы хат арқылы бір сырымды ашсам димін сен сыныптағы достарымның ішінде маған ең жақын ең ыстығы болып келесін. Қазақта мынандаи ұлы сөз барғой дос жолдында құран олу емес, нағыз досты тау қиын деген менің аитқым келгені сенімен танысқалы нағыз досты тапқандаймын.
міне осылаи ойға берілсеңіз түкте қиындығы жоқ нақты ір шығарма жазып беретін едім,ол қандай дос, қанша жастасыздар мектеппа колледжба жогарғы сынып астауыш, қыз ба ұлма белгісіз болғандықтан мағанда оңай болмай тұрғаны.... Соңынан мақалмен аяқтасаңыз болады досы көпті жау алмайды деп