Қазіргі заманда уақыт жетпейді.юірақ біз бəріне үлгеруге тырысамыз. менің өзімнің үлгеретін күнделікті күн тəртібім бар.
Мен күн сайын таңғы алтыда мектепке бару үшін тұрамын. Жуынып шайынып мектепке 7.45-те барамын. қоңырау 8-де соғады. алты сабақ біткен соң мен үйге барамын. үйде сіңіліммен тамақ ішіп, оны сабаққа жіберемін. өзім үй тапсырмасын орындаймын. содан кейін құрбыммен қыдырамын. сағат 6-да сіңілімді мектептен алып кетемін. 7-де дайындыққа барамын. 9-дан кейін үйге келемін. тамағымды ішіп, ұйықтаймын
Салатта көптеген пайдалы витоминдер бар.
Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен Анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін! Ал мектепке келгенде бізді екінші анамыз – ұстазымыз Сәния Дүйсенбекқызы қарсы алады. Ол кісі жылы қабағымен қарсы ала отырып, бірден қатаң бақылауға алады. Әртүрлі мерекелерде біз қызықты ойындар ойнап, би билеп, ән саламыз, ертегі кейіпкерлері болып ойнаймыз. Сурет, би, хор үйірмелеріне қатысамыз. Сәния, Дәмелі ұстаздарымыз өте мейірімді жандар, біз ол кісілер мектептен қалмаса, ауырмаса екен деп ойлаймыз. Жазғы демалыста мұғалім бізді мұражайларға, қалаға серуенге, кинотеатрға алып барды. Біздің сыныпта Айнұр, Замира, Фатима деген қыздар бар. Олар әр түрлі мінезді, өнерлі. Наурыз айы - мереке айы. Біз Аналарымызды, апаларымызды, қыздарды мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, қуаныш тілейміз!
<span />
Жазғы демалыста атам мен әжемнің аулына бардым. Менің атам бәйге аттарын баптайды. Оларға ерекше күтім керек. Атам жақында Құлегерді бәйгеге қосатынын айтты. Мен ол күнді асыға күттім. Құлагерді баптауға атама көмектестім. Көптен күткен күнде жетті. Құлагер бәйгеде озып келіп, бас жүлдені алды. Бұған атам қатты қуанып, бұл жеңіске менің де жәрдемім тигенін айтты.
Мен көрме ұйымдастырғым келеді. Ол Оңтүстік Кореяда болғысы келеді. Олар көрме туралф көп білгісі келеді