Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте қазіргі Шығыс Қазақстан облысының (бұрынғы Семей облысы) Шыңғыстау бөктеріндегі Қасқабұлақ деген елді мекенде дүниеге келді. Мұхтар туылғанда, Абай елу екі жаста, есімі елге кеңінен тараған атақты ақын еді. М.Әуезов Абайды өз көзімен көреді. Жастайынан Абай өлеңдерін жаттап, ауылдағы ескі құлақ қариялардан аңыз-ертегілерді, жыр-дастандарды жалықпай тыңдап, Абай мектебінен осылайша тағлым алады; ұлы Абай поэзиясының асыл қасиеттері жас Мұхтардың жүрек түкпіріне сөз өнерінің ұрығын терең сеуіп, келешекте шешек атып гүлдеуіне негіз жасайды.Жас Мұхтар Семей қаласындағы медреседе, бес кластық орыс мектебінде, оқытушылар семинариясында (1914-1919) білім алады. Бұл кез Семей қаласының қазақ даласындағы рүхани-саяси орталықтардың біріне айнала бастаған уақыты болатын. Осындағы оқыған қазақ жастарымен, әсіресе ұлт азаттығын мақсат тұтқан алашордашылармен қоян-қолтық араласудың барысында семинарист Мұхтардың ұлттық сана-сезімі жетіліп, біржола халықтық, ұлттық жолға түседі. М. Әуезов осы жылдарда қалыптасқан ұлттық-халықтық бағыттағы азаматтық бет-бағдары үшін өмір бойы (әсіресе 30,50-ші жылдары) кеңес өкіметі тарапынан қуғынға ұшырап, әупірім-тәңіріммен аман қалып отырды.М. Әуезов оқуын бітірісімен бұрқ-сарқ қайнап жатқан қоғамдық өмірге белсене араласып кетеді: Семей губерниялық атқару комитетінде председательдің орынбасары, соңынан төрағасы болып, Орынборда КАЗЦИК-тің орталық аппаратында істейді. Ленинград университеті қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөлімін (1923-1928), Ташкенттегі Орта Азия университеті түркітану бөлімінің аспирантурасын (1928-1931) бітірген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында (1932-1933), С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде (1934-1955), М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде (1954) оқытушылық, КСРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалының Тіл-әдебиет және тарих институтының әдебиет секторында аға ғылыми қызметкер (1943-1945), Қазақ әдебиеті секторының меңгерушісі (1946-1956), Қазақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институты халық творчествосы бөлімінің меңгерушісі (1957-1961) қызметтерін атқарады.Жазушының мәдениет, әдебиет мәселелеріне араласып, баспасөз бетінде мақалалар жаза бастауы аласапыран кезең – Қазан төңкерісіне тұспа-тұс келді. Бұл алдыңғы қатарлы қазақ зиялыларын отаршылдық езгіде есеңгіреген елдің ертеңі ойландыра бастаған уақыт болатын.
Табиғатты қорғау- біздің парызымыз Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген. Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады. Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті. Шілде мен тамыз пышаны Шаң ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
<span />
А где предложение? Я не нашла
Астананың табиғаты өте ұлы. Анда кесек-кесек, жасыл тал-шыбықтар өседі.Баста бас-басы бұрышта жез клумбаның этрінің желектерімен тұрады. Клумбаларда ақ лала, ал қызыл түспен шұғылалы раушандар өседі. Жан Байтерека шағын шалғын ша нешінші адамдар қыдырады. Астанада табиғаттың былқылдақтығының ылғи аңқиды. Адамдарға Астананың табиғаты ұнайды ол өте ұлы
перевод текста на всякий случай
Природа Астаны очень велика. Там растут большие, зеленые деревья.На каждом углу стоят украшенные лепестками роз клумбы. В клумбах растут белые лилии, сияющие алым цветом розы. Около Байтерека Небольшой лужок по которому гуляют люди. В Астане всегда пахнет свежестью природы. Людям нравится природа Астаны она очень велика
1. Сәрсенбі сәтті күн.
2.Жұма (Бейсенбі)
3.Сенбі істің басы себебі сенбі күні адамдарға демалыс болған кезде олар өз аулаларын үйлерін тазалайды
4.Адамдар апта бойынша жүреді Сенбі Жексенбі күні демалады Ал қалған күндері жұмысқа мектепке барады.
5. Мен Дүйсенбі күнін сәтті күн деп санаймын.
6. Сейсенбі сәтсіз күн ол күні қазақ халқы жолға шықпайды той жасамайды
Дүйсенбі күні Әр адам жұмысын табысты аяқтауға күш салады.