1 Салем
2салем
1Сендер коп конак кутесиндер ме
2Иа коп кутемиз
1Бизде
2Конактарды кутип аламыз шыгырып саламыз
1Иа Казакстан ен конакжай халык емес пе?
2Арине
1Онда сау бол
2Сау бол
1ертен корискенше
Менің сүйікті кейіпкерім.
Сірә,қазақ балалар фильмдерінің ішінде Бердібек Соқпақбаевтың сценариймен түсірілген “Менің атым – Қожа” фильмінің алар орны бөлек.Менің сүйікті кейіпкерім – Қожа.Ол – “Менің атым – Қожа” фильмінің басты кейіпкері.Жалпы алғанда,Қожа – ақылды,сонымен қатар өзінше бұзық,әкесіз өскен бала.Әлбетте,фильм барысында ол көп нәрсеге ұшырады.Ғашық та болады,төбелеседі де,бұзықтық та жасайды,тіпті мектептен қуылуға да шақ қалады.Меніңше,ол өз тәртіпсіздіктеріне кейде саналы түрде,кейде білместікпен барады. Қорыта келгенде,Қожа – осы күнге дейін менің ғана емес,жұртшылықтың да сүйікті кейіпкері саналады.
(Бұл жерде қыстырма сөздер:сірә,жалпы алғанда,әлбетте,меніңше,қорыта келгенде.)
Сағат бестен бес минут қалды.
Менің тоқсан жасқа жақындап қалған қария атам үнемі былай дейді - "Еңбекпен тапқан нанның дәмі тәтті болады". Мен бұл сөздің мағынасын алғаш рет жұмыс жасап көргенде түсіндім. Жазда анама саудамен көмектесейін деген ниетпен, балмұздақ сатып еңбек еттім. Әр айдың соңында, анам маған тиесілі жалақы беріп тұрды. Мен ол ақшаны үнемдеп ұстап, албаты шашпай, өз қажеттілігіме ғана жұмсадым. Бұл жазғы демалыстан соң ата-анамыздың біз үшін аянбай еңбек ететінін түсіндім. Сонымен қоса, осы шығарманың тақырыбына арқау болған мәтелді енді өзімнің есімде ұстап жүремін. Қазіргі таңда, молшылық заманында мектеп жастағы балалар жұмыс істемеді. Ал біздің ата-апаларымыз және ата-әжелеріміздің кезінде барлығы бөлек болған. Олар бір пұт бидай үшін талай күндер терлеп еңбек еткен. Ешкімнен ұрламаған, ешкімді алдамаған, тек өздерінің таза еңбектерімен нан тауып жеген еді. Мен де өскен кезде сондай жандардың бірі атанғым келеді, еліме адал еңбек қылып, "тәтті нанның" дәмін әлі талай сезінгім келеді!