Жақсыдан үйрен жаманнан жирен
әдепті бала арлы бала әдепсіз бала сорлы бала
асқа барсаң аш бар тойға барсаң тоқ бар
<span>жақсы байқап сөйлер жаман шайқап сөйлер</span>
Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қаракестек ауылында туылған. Жастайынан қайсар мінезі, сөзге шеберлігімен халықтың ықыласына бөленген. Арғы аталары ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған.
Сүйінбайдың толғауларында сол заманның жағдайы, күнделікті өмір, басшылардың əділетсіздігі, Қоқан хандығының шапқыншылығы жайлы көп айтылады. Тек жыршы, ақын, халық қамқоршысы ғана емес сонымен қатар айтыскер де болған. Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған. Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ “Датқаларға”, “Үмбетәліге”, “Төрт биге”, “Момын малын зұлымға алып беріп”, т.б. өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері (“Мақсұтқа”, “Қасымға”, “Болыстарға баға”, т.б.) сaқталған.
Сүйінбай өзі заманның жанашыр тұлғасы болған. 1898 жылы өзінің туған жерінде қайтыс болған. Ақынның сүйегі Қарақыстақ өзінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұрғызылған. Алматы облысы филармониясы, сондай-ақ Алматы қаласындағы үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп, көшелер Сүйінбай есімімен аталады. Туған жерінде Сүйінбайдың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді.
Көп суретшілердің де , адамдардың да күз дегенде көз алдарына бірінші суық күндерді,ағаштардың сары тон киіуі түседі.Көбінесе суретшілер күзді мұңайлы сурет салады,бірақ та күздің де жақсы жақтары бар,сабаққа барамыз дегендей.
Халқымыз сан жылдар бойы мал бағып, оны өз керегіне жарата білді. Мысалы, бие сүтінен қымыз алды, түйе сүтінен шұбат алды, ең көп сиыр сүтін пайдаланды. Оны сусын ретінде ішіп, май, қаймақ, құрт, ірімшік жасады. Яғни сүт - бай тағамдарымыздың бірі. Енді осы сүттен жасалатын тағамдарды еске түсірейік.