Майдангер ақын-жазушылар
Бауыржан Момышұлы(1910-1982)
– екінші дүниежүзілік соғыстың
даңқты жауынгері, халық қаһарманы,
қазақтың көрнекті жазушысы. Туған
жері-Жамбыл облысының Жуалы
ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті
бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім
болған. Сонда жүргенде кезекті
әскери міндетін өтеуге шақырылып,
онда бір жарым жыл жүріп, запастағы
командир атағын алады.Қызыл Армия
қатарына шақырылып, түрлі әскери
бөлімдерде взвод, рота, командирі
болады.
Мынау сүретте сынып бейнеленген . Сыныпта парталар,орындықтар,үстел,тақта бар.Терезе үстінде гүл бар.Партада оқулықтар бар.Сынып өте таза және жарық.
Бауырсақ - Қазақтың ұлттық тағамы. Бауырсақ – бидай ұнын ашытып, әртүрлі үлгіде жасап, майға пісіреді. Қазақтың той, мереке дастарханында міндетті түрде бауырсақ болуға тиісті. Ыстық бауырсаққа сары май жағып жесең, өте дәмді. Бауырсақ қырғыз, татар, башқұрт, ноғайларда да кездеседі.
Ответ:
Менің үйім туралы.
Біз қаламыздың орталығында төрт бөлмелі пәтерде тұрамыз. Үйіміз тоғыз қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан. Үйіміздің бөлмелері кең, жарық, сонымен қатар әрқайсысы бөлек – бөлек орналасқан. Қарындасым екеуміздің әрқайсымызда өз жатын бөлмелеріміз бар. Бөлмемізде өзімізге қажетті жиһаздың бәрі де бар: жататын төсек, киім мен ойыншық жинайтын шкафтар, кітап қоятын сөрелер мен сабақ оқитын үстел мен орындық.
Жақында ата – анам үйге жөндеу жұмыстарын жасап, ас үй мен қонақ бөлмесін біріктірген болатын. Барлығымыздың ойымызша бұл өте ыңғайлы, әрі қонақ бөлмесі де кеңейіп қалды.
Үйіміздің ауласы да өте керемет – үлкен кісілер демалып, көлеңкеде отыратын ыңғайлы орындықтар, кішкене балалар ойнайтын ойын алаңы да бар. Бұл алаңда кешкісн көрші балалар бәріміз жиналып, түрлі ойындар ойнағанды ұнатамыз. Ауланы осы таза қалпында ұстап тұру үшін көктем келісімен көршілер бірігіп, есік алдында сенбілік өткіземіз, себебі ауламыздың тазалығы өзімізге жақсы.
Үйдің орналасқан жері де өте ыңғайлы, қаланың орталығы болғандықтан кез – келген бағытқа қоғамдық транспорт жүреді. Үйіміздің дәл жанында ірі сауда орталығы, аурухана, мектеп, кітапхана, түрлі банктер мен кішігірім дүкендер орналасқан. Мектеп жақын болғандықтан мектепке он минут ішінде жаяу барамын.