Сөз құрамы орыс. состав слова – сөздің сыртқы түр-тұрпаты. Тілдегі сөздер бір бүтін тұлға ретінде қаралғанмен, олар мағыналы бір не бірнеше бөлшектен құралуы мүмкін. Сөз құрамының ең негізгі бөлшегі – түбір. Сөз тудыратын, сөз жалғастыратын (байланыстыратын) қосымшалар түбірге қосылады. Мысалы, ек-ін, егін-ші, егін-шілік сөздері ек түбіріне жұрнақтар (-ін, -ші, -лік) жалғану арқылы жасалған. Ал бойжеткен сөзі екі түбірдің бірігуінен, бала-шаға сөзі түбірлердің қосарланып айтылуынан туған. Сөздер сыртқы тұлғасына (құрамына) қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді. Сөз құрам ұғымына түбір сөзге жалғанатын жалғаулар жатады, бірақ бұлар сөз емес, сөздің морфологиялық құрамының бөлшектері. Қазақ тілі сөздердің морфологиялық құрамына қарай жалғамалы тілдер тобына қосылады.[1]
Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады.
Күнтізбе (ағылш. calendar) – уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің ауық-ауық қайталану ерекшелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым.Күн күнтізбесі Мысырда шыққан. Мысырлықтар жыл ұзақтығын 365 тәулікке теңестіріп, оны әрқайсысы 30 күндік 12 айға бөлген, артық қалатын 5 күнді ешбір айға қоспай, құдайға құлшылық ететін күндер деп есептеген. Ол Еуропалық күнтізбелерге арқау болды.
негізгі:ақта, бар, сана, қызық, тіле,, жүр, өт, бөл
туынды:бағу, көшу, тазала, тұзда,ақылдас, қыста
Мейірбек,Мерей,Азамат жəне Елнур төртеуі ауланың алдына асық ойнауға шықты.Олар асықты қалталарынан шығарып,тізбектеп қойып ойынды бастамақшы болады.
Елнур:
-Əуелі мен бірінші бастайын, деді ол асықты көздей отырып.
Мейірбек тұрып:
-Сірə сен осы ылғи бірінші бастайды екенсін, деді ол Елнурға қарап тұрып.
Елнур:
-Олай болса,сен-ақ бірінші бастай ғой!
Мейірбек:
-Қысқасы былай істейік, кімде кім қазір ойыннан жеңіледі сол өзінің асықтарын береді.
Ақырында достары келісіп ойынды бастайды.
Нешінші жаттығу мен де 6 сынып оқимын
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.
Сонда досы: «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.