Оның мойыны ұзын,үстінде қоңыр дақтары бар.
Қайда тұрасың?
Әже, мен Абай даңғылында тұрамын
Нешінші сыныпта оқисың?
Алтыншы сыныпта оқимын.
Қазақшаны қалай үйрендің?
Мектепте қазақ тілін оқимыз, содан үйрендім.
Достық туралы не білесің? Достық туралы көп естиміз. Достық әртүрлі болады дейді, неге? Жақсы досыңның болуы үлкен байлық. Ал, сол жақсы дос дегеніміз кім?
Мен бүгін достық туралы өз ойымды ортаға саламын. Өмірде қандай да бір мәселе болмасын барлық адамның ойы, берер бағасы, ол мәселе туралы түсінігі бірдей болуы мүмкін емес. Бұл өмірде барлық баға салыстырмалы түрде беріледі. Біреудің ешқашан жақсы досы болмаған, сондықтан ол нағыз достық жоқ дейді. Ал, біреу адал достарының арқасында нәтижелі істерге қол жеткізеді, ол достықты сондықтан қатты бағалайды, доссыз өмір сүру мүмкін емес дейді. Доссыз өмір сүру мүмкін емес деген де дұрыс емес. Себебі, досы жоқ адамның өмірі тоқтап қалмайды ғой, олай деп үсілді-кесілді айтуға болмайды. Әрине, дос керек, дегенмен досың жоқ болса өмір сүре алмайды емес, өмір сүресің. Және нағыз достық жоқ дегенге мен сенбеймін. Менің өмірде көп болмағанмен қиындықта сыналып, өз достығын дәлелдеген достарым бар. Олар менің мақтанышым, олар менің тірегім. Олардай достарды кездестірген Тағдырыма мың алғыс. Нағыз дос өзінің жетістіктері емес, досының жетістіктерін ойлайды, оған бауырындай жаны ашып, әркезде жанынан табылады. Қуанышта та, реніште де бірге. Міне, сол нағыз дос.
Ел тарихында өшпес із қалдырған асыл жандарды есте сақтау – біздің
қасиетті парызымыз
Қазақ мәдениетін, әдебиеті мен өнерін дамытуға зор үлес қосып, ел тарихында өшпес із қалдырған асыл жандардың бірі . Шәкен Кенжетайұлы Айманов.
Шәкен Кенжетайұлы Айманов— қазақтың әйгілі актері, режиссер
Спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі.Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды.<span>Айманов режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды. </span><span> Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968).«Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді.</span>
Ашылу салтанаты,құрам,ғалам,сарғыл және т.б.