Жақсы дос – жан азығы. Досқа деген сыйластық сезімі – әр адамның бойында бар қасиет. Сыйластық сезім достар арасында берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық көрмейді. Достардың бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ. Ел арасында айтылатын мына бір аңыз есімізге түседі:
Ертеде, елімізде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Кенет тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасап, елдің мал-мүлкін тонап, азаматтарын айдап әкетеді. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр, күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскері оны бас салып ұстап, тұтқынның сұрауымен қолбасына алып келеді.
Жігіт қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Бірақ менің беретін мал-мүлкім жоқ, тек өмірімді ғана бере аламын. Өмірімді алып, досымды босатыңдар, - деп өтінеді.
Қолбасы:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, - дейді оған.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт.
Жау жағы оның екі көзін ойып алып, досын тұтқыннан босатады.
Әлгі жігіт тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, күлімдеп келе жатқан екен.
<span>Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты бетпе-бет ұрыста жеңу қиын екен» деп шешіп, әскерлеріне шегінуге бұйрық берген дейді. </span>
Досының өмірі, бостандығы үшін ер жігіт көзінен айрылғанына қапаланған да жоқ, керісінше, досының қауіптен құтылғанына риза. «Дос – қияметтік» деген сөз осындай қасиеттің көрінісі ретінде қалса керек.
Ерте заманның шешені әрі ойшылы Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады», - деген.
<span>Достар сыйластығы бір-біріне қалтқысыз сенген, риясыз сенім сезіміне ие болған адамдардың арасында болады. Ол үлкен өмір жолынан өткен, тәжірибеде жинақталған, қиындықта сыналған сыйластық болса, анағұрлым берік болмақ. Қазақта «Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы» деп бекер айтпаған. Бала шағынан бір-бірінің мінезін, әдетін, ой-өрісін біліп өскен достар арасындағы сыйластықтың орны бөлек, ол анағұрлым берік әрі түбегейлі. </span>
Мен таңғы жеті сағатта тұрамын.Денемді шынықтырып жаттығулар жасаймын. Ванныйға барып жуынамын.Таңғы асымды ішіп,сабаққа барамын.Келген соң түскі ас ішіп,уй тапсырмаларды дайындаймын.Сосын бір сағаттай тынығып аламын.Далаға шығып ойнап келемін.Кешкі асымды ішіп,жуынып алған соң,уйықтаймын.
Ежелден «Бір тал кессең, он тал ек» деген қағиданы мықтап ұстанған халқымыз үшін ағаш отырғызу – өте сауап іс. Өйткені, адамға теңдессіз қызмет ететін ағаштың маңызы өте зор. Себебі, адам ауасыз өмір сүре алмайды. Ал сол ауаны жасап-тазалайтын, ауадағы зиянды газдарды, шаң-тозаңды өзіне тартып, орнына оттегі бөліп шығаратын ағаш екені анық. Демек, ағаштың тіршілікке берер пайдасы мол. Сондықтан, бар тіршілігі ашық табиғатта өткен халқымыз табиғатты «Ана» деп қастерлеп, бұл қасиет оған ананың ақ сүтімен сіңісіп кеткен.
Жалпы, 2011 жылғы мәлімет бойынша, еліміздің флорасы өсімдіктердің 6000-нан астам түрін қамтиды. Соның ішінде Қазақстан орман қорының жалпы ауданы 28,7 млн. га. құрайды немесе республика аумағының 10,5 пайызын алады. Бұл ретте орманды жерлер 12,3 млн. гектарды немесе орман қорының 43 пайызын құрайды. Сосын еліміздің 6,1 млн. га. жерін сексеуіл алқаптары алып жатыр. Олардың негізгі кең тараған ауданы Алматы және Жамбыл облыстары саналады. Сондай-ақ, сексеуілдер Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау өңірінде де өседі.
Бұлақ көрсең көзін аш
Әрбір адамның бойында қандайда бір қабілет немесе дарындылығы ,не болмаса икемділігі болады . Бірақ барлығы бірдей оны байқай білмейді. Қандайда бір іске бейім жандар өз болашағын ,яғни мамандығын соған байланысты ұштастырып жатады.Бірақ өзі неге икемі келетінін өзі де білмейтін жағдайлар өте көп. Оны көбнесе жан-жағындағы туыстары ,дос-жарандары байқайды ,немесе ұстаздары . Әрбір адам өзінің досының ән айтуға ,билеуге не болмаса ұсталыққа қабілеттілігін байқаса оны әрі қарай ынталандырып ,оған қолдау көрсетуі керек .Бұлақ көрсең көзін аш деп халқымыз бекер айтпаған ,біреудің жұлдызын жағуға көмек беру ол әрбір адамның міндеті .