«Қалқаман - Мамыр» поэмасы – жастардың мөлдір махаббатының дәлелі. Қазақ халқы – негізінен, сөз өнеріне, өлең - дастандарға көп мән берген халық. Сонау V - VI ғасырлардан - ақ дамыған сөз өнері шығыс түркі тілдес елдерге қанатын кең жайып, жыр - толғаулар, өлең - дастандар ауыздан - ауызға халық жадында сақталған. Осындай халық ауыз әдебиетінің жыр - дастандары, батырлық жырлар, ғашықтық, не тұрмыс - салт жырлары болсын Шығыс елдерінің сөз өнерінде тереңірек қалыптасқан. Әсіресе, ғашықтық жырлар, лиро - эпостық жырлар халық жырларын ұрпаққа таныстырған жыршылар арқылы қазақ қауымында ғасырлар бойы сақталып келеді. «Ләйлі - Мәжнүн», «Жүсіп - Зылиха», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу», «Қалқаман - Мамыр» сияқты лиро - эпостық жырлардың ең негізгі тақырыптары сүйіспеншілік, махаббатқа адалдық, мөлдір махаббатқа жету жолындағы ізгі істер, халықтың тұрмыс - салты, тіршілігі, дәстүрі, таза махаббат жолындағы қайғы - қасірет, күйініш - сүйініші болып табылады.
Осындай ғашықтық жырдың кең жайылған бір түрі – «Қалқаман - Мамыр» поэмасы. Бұл ескі қазақ өмірін суреттеу арқылы трагедиялық тағдырлар туралы сыр шертетін бұл поэма Ш. Құдайбердіұлының атын бүкіл қазақ даласына жария етті. Бұл поэма қай халық болса да сүйіп тыңдайтын, қайғылы - қасіретті, трагедиялы поэма болғандықтан екі жас өз мақсаттарына жетуге ұмтылды. Менің ойымша, қос ғашық өздерінің ең негізгі мақсаты таза махаббатқа жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңіндегі халықтың хал - ахуалы, тұрмыс - тіршілігі де анық көрсетілген. «Ей, Мамыр, адамды Алла жаратыпты, Хауа ананы адамға қаратыпты. Бірін еркек, біреуін әйел қылып, Екеуінен көп жанды таратыпты. Құдай неге қылмаған адамды тақ, Балаларын өзінен өстіріп - ақ. Хауа ананы жаратуда мақсұты не? Сол арасын білуге ақылым шақ.». Қалқаманның айтқан сөздерінен - ақ бұл поэманың, біріншіден, сырға толы екенін байқап отырмыз. Әрине, поэма тақырыбы махаббат, сүйіспеншілік болса сырлы жыр болмауы мүмкін емес. «Қалқаман - Мамыр» поэмасындағы Мамыр бейнесі де, әрине, айрықша маңызды. Мамыр – сүйкімді, сұлу, өр мінезді өжет қыз. «Сол байдың он бес жасар қызы Мамыр Әрі сұлу, әрі есті, еркекшора»,- деп эпитет арқылы поэмада берілген бұл тармақтар аса бір сұлулықты көрсетеді. Қыз балаға тән қасиет – сұлулық. Ал Мамыр қандай сұлу болғанымен ер мінезді қыз болған. Бұл поэмада Мамыр өзінің нағыз қазақ елінің қызы екенін дәл, анық көрсетеді. Сөз өнерін құрметтеген қазақтың сұлу қыздары да сөз өнерінің мәнін түсінгені, қадірлегені көрініп - ақ тұр. «Ауылымның күнбатысы қалың қамыс, Бүрсігүннен арғы күн болады алыс. Жас кісіде бар болса жігер - намыс, Болып кетіп жүрмесін жатпен таныс.» деген Мамырдың бұл шумақтары сөз өнеріне деген аса құрметтілігін көрсетеді. Дәстүрге берік, әрқашан үлкеннің айтқанын екі етпейтін Мамырдың елінен қашуы – таңғаларлық іс. Әрине, бұл Қалқаманға деген таза махаббат, адал сүйіспеншілігінен өрбіген іс. Мамырдың сұлулығы толықтырып отыратын қасиет – ақылдылық, сабырлылық. Сұлу Мамырды сұлуландырып көрсету үшін ақын адамгершілік, сезім, махаббат, әділет – дүниедегі ең қымбат, ең асыл нәрселер деп атап көрсетеді. Қазақ халқына тән ұстамдылық, инабаттылық, сабырлылықты Мамыр өз бойына жинақтай білген. Өз басын қатерге тігіп еліне қайтып келуі осы адамгершілік қасиеттерге толық ие екенін көрсетеді. «Көкенай, қарғамаймын, сөзіме бақ, Ісім жөн, бір құдайға көңілім хақ. Мойныңа менің қаным халал болсын, Болма енді Қалқаманның қанына ортақ.»,- деп сүйген жарының амандығын тілеп, өлер алдында жұртынан Қалқаманға әділетті болуын сұрайды. Таза махаббат үшін күрескен Мамырдың өлімінің өзі – әділетсіздікке айтқан лағынеті, қарсылыққа шыққан күресі деп ұғынамыз.  Қорытындылай келе, мен «Қалқаман – Мамыр» поэмасының қазіргі жастарға мөлдір махаббатты қалыптастыруға, бір - біріне деген таза сүйіспеншілікті орнатуға көмектесетінін айтқым келеді. Әрине, сол кездегі жастар мен қазіргі заманғы жастардың заманын салыстыруға келмейді. Қазіргі жастар өз махаббаттарын қайғы - қасіретсіз, сүйініш - күйінішсіз елестете алады. Бірақ ертедегі замандағы махаббаттың ұлылығы сонша, ғашықтар махаббат үшін жанын қиған. Ал бұл – қазіргі жастар үшін үлкен ұлағат. Сөз соңында мен: «Әрқашанда махаббатты қадірлей білейік!», дегім келеді.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сурет бойынша әңгіме құрастыруды үйрету. Байланыстырып, жүйелі, мазмұнды әңгімелеуге қалыптастыру. Сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, сөйлемдерді дұрыс құрып, өз ойын айқын, дәл жеткізуге үйрету. Сауатты, көркем жазуға төселдіру. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: суреттер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Қолымызды созайық. Қағып - қағып алайық Бойымызды жинайық Көркем етіп жазайық!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Бес жолды өлең оқу. - өткен тақырыпты еске түсіру. - сұрақтар мен тапсырмалар.
ІІІ. Жаңа сабақ. а) - Балалар жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілінде қандай өзгерістерді байқадыңдар? Көркем жазу минуты (әріптің жазылуын түсіндіру) К к Көрікті көктем келді. 1 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме жазу. Тірек сөздер: жеңіл киім, бүршік, ұя, ағаш, құстар, қар, су. 2 - жаттығу. Жасырын сөздерді тауып, өлеңді оқу. (Көктем келді) күлімдеп, (Жердің беті) құлпырып. (Күннің көзі) шуақты, (Жылғалардан) су ақты.
Сергіту сәті. Мынау менің жүрегім Осыдан бәрі басталады Мынау менің басым Осы бәрін басқарады Менің оң қолым Мынау менің сол қолым 1, 2, 3 біз жинаймыз күш. 3 - жаттығу. Әр қатар өздеріне берілген сурет бойынша жұмбақ құрастырады. 1 - қатар. Күн 2 - қатар. Гүл 3 - қатар. Мұз
4 - жаттығу. Тақтамен жұмыс. Ұлттық ойындар: асық, арқан тарту, алтыбақан, қыз қуу, күрес. Ұлттық киімдер: камзол, кимешек, сәукеле, тақия, ішік. Ұлттық тағамдар: наурыз көже, ет, жент, қазы - қарта, жал - жая, құрт, ірімшік, қымыз, шұбат. Бекіту. - Көктемде қандай өзгерістер болады? - Көктемнің алғашқы мерекелерін ата. Үйге: Көктем тақырыбы бойынша бес жолды өлең құрастыру
Шыгыстын кос шынары-Маншук пен Алия.Себиби екеуи де ели ушин жери ушин жанын аямады.Жап-жас болса да олар оны ойламады. Ойларында тек-Отан ушин жер ушин деген ой болды
1)таза ауаның адам ағзасына тигізер пайдасы көп, егер ауа лас болса адамдар көптеген ауруларға шалдығады.  2) таза ауа денені демалдырып денсаулықты жақсартады және күні бойы сергек жүруге септігін тигізеді.  3) жазғы демалысты адам табиғат аясында өткізу керек, себебі ол денсаулыққа пайдалы.
Осы жылы балық аз болды.Біздің ауылда жабайы құстардың түр түрін кездестіре аласын.Қазақстанда жабайы аң көп.Мирастың туған күнін осында өткізеді.Европа жерлеринде су тасқыны жиі боп тұрады.Осы жерге өзендер құйылады.Тасбақалар құмға барып жоғалмайды олар оздерине үйшік жасап бөтен көзден тығылып қалады.
смысл 2 не сделанных не поняла надеюсь это подойдет удачи!