Кәде – қазақ халқының рәсімдік және ғұрыптық жоралғыларының жиынтық атауы. Кәде жасамау – дәстүрді сыйламау, яғни әдет заңын бұзу деген сөз. Кәделердің ережесі, әрқайсысының өз жасау тәртібі бар. Оны бұзуға болмайды. Кәдеге тоқтау жоқ, дәлел жүрмейді, сөз өтпейді. Кәде беру – міндет. Өйткені халық арасында «ат өлсе де, кәде өлмейді» деген атамыздан қалған аталы сөз бар. Той кәделері (тойбастар, сарқыт, байғазы, көрімдік, сүйінші, айттық, жыртыс, шашу, бата т.б.). Сондай-ақ, Құдалық кәделері, Күйеу кәделері, Балаға арналған кәделер мен Қаза кәделері бар. Оларға кейінірек жеке-жеке тоқталып өтеміз. Алдымен Той кәделерінен бастасақ. Той кәделері Тойбастар – қыз ұзату, үйлену т.б. тойларда айтылатын өлең түрі. Қазақтың қай тойы болмасын, «тойбастар» жырымен басталады. «Тойбастар» айтқан адамға жақсы сыйлық беріледі. Той бастардың негізгі мазмұны – тойдың салтын дәріптеу, той иесі қызды мақтау, той жасаушылардың жақсы тілеуіне үн қосу. Сарқыт – тойдан, айт мейрамынан ырымдап кәмпит, құрт сияқты дәмнен алып, үлкен кісілер (негізінен әйелдер) үйдегі балалары мен келіндеріне әкеліп ауыз тигізеді. Сол сияқты үлкен табақтан қалған етті де «сарқыт» деп, оны да жастар үлкен кісілердің жолын, абыройын берсін деп ырым қылып жеген. Бұрын «сарқыт қайтады» деп келіндер үлкендердің табағын әдейі күтіп отыратын болған. Қазақ салтында сарқыттың ырымдық әрі тәрбиелік дәстүрлік маңызы зор. Байғазы – қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы. Байғазыны, көбінесе, жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелеріне, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер Байғазы (ақша, малдың төлі, т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, ізгі тілек білдіреді. Көрімдік – қазақ салтында жаңа киім киіп, мүлік aлғанда, жаңа үйге кіргенде, жетістікке қол жеткізгенде туған-туысқан, жора-жолдастарының жасайтын кәдесі. Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып, беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.
Алтын адам — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді. Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.
Еркіндік деген не? Ол туралы барлық адамның түсінігі бірдей емес. Біреулер бай болып, ешбір шаруамен айналыспай, өзгелерді жұмсап ерігіп жүргендік еркіндік деп ойлайды. Кейбіреулер ойынан келгенді айтып, қолынан келгенді істесе,ол мейлі дұрыс болсын, ол мейлі бұрыс болсын осыны еркіндік санайды. Мен болсам, өзімнің осы өмірімді еркін өмір сүру деп санаймын, себебі, мен ешкімнің зорлығынсыз мектепке барамын, білім аламын. Сабақ оқуға, демалуға, ойнауға, шаруалар атқаруға ешкім мен күштемейді, бәрін өз еркіммен істеймін. Мен үшін еркіндік осы.
1. Жолда күнде мұқият болу керек. 2.Оңға жəне солға қарап бірақ өту керек 3.Адамдар жасыл жанғанда жүру керек 4.Қызыл жанғанда адамдар тоқтап, көліктер жүруі керек
Дұрыс тамақтану дегеніміз-денсаулықтың күтімі деуге болады. Дұрыс тамақтану, қарның ашқанда тамақ қабылдау, белгілі уақытта тамақтану, сағат 19-00 кейін тамақтанбау. Майлы қышқыл тамақтарды аз қолдану. Қант тұзды тамаққа көп қоспау. Колориямен тамақтану. Аз да болса жемістерді жидектерді рационға кіргізу