Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды. «Қашан ғана осы мектепті бітіремін» деп ойлайтын кездер көп болып еді. Қазір сол мектепті бітіріп шыққаныма өзім сене алмаймын. Көзді ашып-жұмғанша уақыт тез өтті де кетті. Соңғы қоңырау осы жылы біз үшін расында да соңғы рет соғылды. Сонша асығып бітіргім келген мектебіммен қимастықпен қоштасып отырмын.
Ана жүрегі тым терең, сол тереңдіктен сіз кешірім таба аласыз.
Суды біз дұрыс пайдаланамыз ба? Мен суды таусылмайтын қазына,- деп ойлайтынмын. Іс жүзінде олай емес екен. Судың да сұрауы бар ,- деп бекер айтылмапты. Сырдарияның суы да, Арал теңізінің суы да азайғанда ғана осы мақалдың маңызын аңғардым. Таза су денсаулық кепілі. Тіршілігімізге аудай қажет суды үнемдеп, ластамай дұрыс қолданайық.