Коп нуктенин орнына тиесты дыбыстар кой.
Ай,сұлу қыз,қалың қалай,Көңіл ауды саған қарай,Енді жібермеймін оңай.Тілегіңіз тағы дос па екен?Жүрегіңіз әлі бос па екен?Кешіктім бе қап-ай, білемін қалай?
Сері жігіт болшы абай,Сендейлерді көргем талай.Сәл-сәл асықпаңыз олай,Жүрегіміз кілтті жұмбақ қой.Оны ашу сізге қымбат қой,Өз еркіңе қарайАшасыз қалай?
Қайырмасы:Жігіт: Ашып алам оңай,жолы керек,Қыз: Ғашық адам солай болу керек.Жігіт: Бір арманға күндей толу керек.Қыз: Екі жүрек бірдей соғу керек.
Жігіт: Көзіңізді жатқа сыйламай,Қыз:. Өзіңізді босқа қинамай.Екеуі:. Айырылмай мүлде,болайық бірге
Қабағыңа қонған Күн-Ай,Жанарыңа толған шырай.Сені,шүкір берген Құдай.Сезіміміз тәтті ертегі ай,Еркелеген менің еркем-ай.Бақытты талай, көрейік ары қарай.
Қылығыма жүрсең шыдай,Бақытты боламын ұдай.Мені, еркелетсең былай.Сен боласың менің серім-ай,Мен боламын сенің теңің-ай.Әніңді арнай, жүрейін қалмай.
Қазақ халқы салт дәстүрге өте бай. Соның ішәнде той жайлы, бала туралы, дініміз жайында кеңінен таралып насихатталған. Бала туралы салт дәстүріміз оның туылған кезінен басталады. Мәселен баланы қырқынан шығару. бесікке салу, тұсау кесер, тілашар, сүндетке отырғызу. Осы аталғандардың әрбірінің өзіндік ережелері бар.
Қариясы бар үйдің қазынасы бар,-деп бекер айтылмаған. Менің отбасым- үлкен отбасы. Отбасының тірегі атам мен әжем. Мен әжем туралы айтпақпын. Менің әжем отбасының ұйытқысы, ақылшысы, өте мейірімді жан. Атамның өзі көп істерді әжеммен ақылдасады. Әжем ешқашан дауыс көтеріп, айқайламайды, жәй ғана ақылын айтып, дұрыс істемеген істерімізді жөнге салады. Әжем салт-дәстүрді, мақал- мәтелдерді көп біледі. Қажет жағдайда сол мақал-мәтелдерді орнымен қолданып, мағынасын түсіндіреді. Әжем ою-өрнек салып кілем тоқиды. Қолын тігін тігу, тоқу бәрі келеді. Біз анам екеуміздің әжемнен үйренгеніміз көп, ал үйренеріміз одан да көп. Әжетайыма көр рахмет.
Шешесі алаңқайда ойнап жүрген баласын тамақ ішуге шақыруда:
- Балам, тамақ дайын болды, үйге кір!
Үнсіздік. Әлгі дауыс қайта шығады:
- Біз сені күтіп отырмыз!
Жауап жоқ. Шешесінің даусында жалынған реңк байқалды:
- Тамағың суып қалады. Тезірек.
Балақайлардың арасынан біреуі шығады да:
- Ішпеймін! Ішкім келмейді! Қойшы!
- Сен енді таңғы асыңды ішпедің де ғой! Күтіп отырмыз, бол, келші үйге!
- Қайтпаймын. Тамақты осында әкеп бер!