Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына.
Менің ойымша,
Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Сөзімді қорытындылай келе, шешендік өнер туа біткен қасиет,оны қолдан жасап ала алмайсың.Шешендік өнер кез келген адамның бойынан табыла алмайтын-қасиет.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
-Сәлем, достым, сен Наурыз мерекесі жайлы не білесің?
-Сәлем, бұл бізге ата - бабамыздан қалған ұлы мереке. Бұл біздің халқымыз үшін жаңа жылдың басталуы.
- Осы мереке жайлы тағы қандай қызықты мәлімет білесің?
- 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Халықтың айтуынша, күннің ауын бірінші түйеге мінген тышқан көрген. Сондықтан жыл санау тышқан жылынан басталады екен.
- Қандай қызықты мәлеметтер, жарайсың!
Мектеп. Осы бір сөзде үлкен мән-мағына жатыр. Мектепте балалар тәлім-тәрбие, білім алады. Мектепке келгеннен кейін достарым көбейді. Мен де 7 жасымда мектепке келдім. Алғаш мектеп табалдырығын аттасымен достарым көбейді. Менің мектебім үш қабатты, әсем ғимарат. Мектебімде сыныптар көп және спорт залы, салтанат залы бар.Осы мектепте оқығанымды мақтан етемін..Маған үлгі тұтарлық ұстаздар білім береді. Олар менің жарқын болашағымның болуының көмекшілері. Мен мектебімді ұнатамын!
-Асель, сен қазақ өнері, қазақ музыкасы жайлы не білесің?
-Менің сүйікті өнерім домбыра шерту. Сондықтан қазақ өнерінің қалаушыларының бірі Құрманғазы жайлы айтайын.Ұлы күйші, композитор, халық арасына кең тараған "Балбырауын”,  "Сарыарқа”,  "Кішкентай”, "Көбік шашқан”,"Серпер”,"Алатау” және тағы басқа күйлердің авторы Құрманғазы Сағырбаев қазақтың аспаптық музыкасының басты бір саласының негізін қалаушысы. Басқа да халық мәдениеті саласының көрнекті өкілдері сияқты, Құрманғазының шығармашылығы да, өмірі де сол өзі өмір сүрген заманның тарихи –көркемдік шежіресі болды. Ал сен не білесің?
-Ал маған айтыс ұнайды және ең жақсы көретінім - Біржан мен Сара айтысы. Олар біздің халқымыздың үлгісі.«Біржан – Сара» айтысы құрылысы жағынан да, түрі мен мазмұны жағынан да салт айтысының ең биік шыңы болып табылады.Осы күнгі айтыстар жаңа заманға лайық сөз саптауымен, тақырыптық жаңалығымен, жарасымды әзіл-қалжыңмен ерекшеленеді. Айтыстың арқасында біз өзімізді өнері мол халық ретінде таныта аламыз!

Ана баласына өмір берген соң, ол қымбатты және әлемдегі ең сүйікті адамдардың бірі болады. Баласы анасына көмектеседі, алғыс айтады, өз өнерімен қуантады. Ал анасы оған жылы сөз айтады, өзің еңбегімен табылған нанымен тамақтындырады, жуындырады, киім кигізеді және т.б. Оның баласы өзіңді әдепсіз болмау үшін, оған тәрбие береді. Ана мен баланың махабаты - ерекше махабатының бірі болады. Сондай махабат немесе анаң болмасаң, соғаң ұқсайтын махабат бәрінде болды, болады және болып жатыр.