Менің ауылымның табиғаты көркем, тамаша, керемет!
Мен ауылым туралы айтып жырлығым да, әндеткім де келеді. Мен - ... (аты-жөнің), ... - класс оқушысымын. Кішкентай кезімнен ауылымның таза ауасымен, хош иісі аңқыған гүлдердің иісімен, ауылымның ыстық түтінімен демалып келемін. Әр адамның өз ортасы, өз ауылы ыстық қой?! Менің ауылымда көптеген ғимараттар, мәдениет үйі, мешіт, мұражай, балабақшалар, супермаркеттер, теміржол вокзалы, тіптен саябақта бар. Қалаға автобустар қатынайды. Кейде бос уақытымда саябаққа барып, кітапханадан алған кітаптарымды оқып отырамын. Үйде отырғанымда пойыздың пышпа - пышпа деген дауысы да естіледі. Ауылымның адамдары пойызбен Астана., Қостанай қалаларына барады. Вокзолымыз әдемі салынған. Жаз кезінде жазғы демалыс алдында апайымыз ... (мұғалімнің аты-жөні) саяхаттап табиғатқа шығамыз. Түрлі ойындар ойнап, табиғатты бірге тамашалаймыз. Өзеннен шоршып секіріп жүрген балықтарды көріп қуанамыз. Менің ауылымда достарым да көп. Олармен татумын. Ауылымның кешкі таьиғаты мүлдем өзгеше. Алыстан шаңдарын көтеріп малдар өрістен келеді. Барлығы төлдеріне сүттерін толтырып ала келеді. Бұл көріністі анамыздың бізге дүкеннен тәттілерді әкелгеніне ұқсайды. Өзге ауылға қыдырып бара қалсам, туған аылымды сағынамын. Тез елге қайтқанша асығамын. "Туған дердей жер болмас, Туған елдей ел болмас."- деп, аталарымыз бекер айтпаған екен ғой. Сондықтан достар, мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде өз ауылымның көркеюіне өз үлесімді қосамын. "Ауылымның гүлденгені - Қазақ елінің гүлденгені "- деп ойлаймын.
Ерте заманда ақ бидай өз бетімен өседі екен.Бір жылы қуаңшылық болады.Күннің аптабынан өсімдік қатты тарығады.Сол кездері тіршілік үшін таласқан басқа өсімдіктер Ақ бидайды қаумалап ,алқымға ала бастайды.Тамыры мықтылар ақ бидай өсіп тұрған жердін ылғалын тартып алып ,оған күн сәулесін түсірмеуге тырысады.Ақ бидайдың жағдайы нашарлай бастайды.Ақ бидай аңдардан, құстардан көмек сұрайды.Бірақ оның өтінішіне ешкім құлақ аспайды.Енді өлдім деген кезде Ақ бидайға садақ асынған аң аулап жүрген адам тап болады.Ақ бидай оған өз жағдайын айтып одан көмек сұрайды.Адам Ақ бидайға көмектесуге кіріседі.Ақ бидайдың айналасындағы арам шөптердің бәрін жұлып тастайды, содан кейін ағып жатқан бұлақтан қос уысын толтырып су алып келеді.Әлсіреп қалған Ақ бидай суға қанып ,бой түзеп құлпырып өсе береді.Күзде бидай пісіп ,адамға тарту етеді.Адам сыйға алған дәнін бір күз, бір қыс сақтайды.Көктемде жерді қопсытып әлгі дәнді себеді.Жаз бойы арам шөбін жұлып ,суғарып баптап тұрады.Күзде бір дорба бидай алады.Содан кейін бір қап,жүз қап бара, бара мол өнім алатын болды.Адам мен Ақ бидайдың достығы ерте заманда осылай басталған екен.
Біздің еліміз Қазақстан Республикасы . Ал астанамыз Астана. Астана бас қала .Астана Қазақстандағы ең жас қала. Астана қазіргі кезде көркейіп жасарып келе жатқан қала
Мен өскенде дəрігер болғым келеді. себебі маған адамдарға көмектесуге өте қатты ұнайды. дəрігерлер көп түрге бөлінеді. мысалы кейбіреулері тіс емдесе кейбіреулері көз емдейді.
Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы оларды білдіретін мағынасынан көрінеді.көп мағыналы сөздер бір негізден тұрғандықтан,мағыналары жағынан өзара жақын ұқсас болып олар бір ғана сөз табына жатады. Ал омонимдер мағыналары жағынан бір бірінен соншалықты алшақ болады да,кейде бір сөз тобына,әр басқа сөз табына да қатысты болып,дараланып тұрады. Мысалы : Қара : 1) қара шаш – заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз ; 2) тақтаға қара – қимыл-әрекетті білдіретін етістік.
Айт : 1) айт болды – діни мейрам ; 2) ән айт – қимыл мағынасындағы сөйлеу ; 3) айт-итті бір нәрсеге айтақтап қосу үшін айтылатын одағай сөз..