Әр әлем жаңа жылды әр түрлі қарсы алады. Мысалы Италиялықтар жаңа жыл мерекесінде ешкіммен ренжіспеуге және де ешкімнен қарыз қалмауға тырысады екен. Ал Голландияда Жаңа жыл мерекесінде жүзім салып пісірген нан тағамы қойылады. Қазақстанда Жаңа жыл 22 Наурыз күні тойланады. Сол күнде күн мен түн теңеседі. Ал Үндістандағы Жаңа жыл - Дивали деп аталады екен. Осы күні қалар мен ауылдар оттың ішінде тұрғандай жарқырап кетеді. Маған Жаңа жыл мерекесі ұнайды!
Өз жұрттың - күншіл,
Нағашы жұрттың – сыншыл,Қайың жұрттың міншіл келеді. Қартың болса, жазып қойған хатпен тең. Немере етін жеп, сүйегін қалдырады. Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың. Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату. Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді. Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар. Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол
Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол. Ағаның үйі – ақ жайлау.Келінің жаман болса, ұлыңнан көр. Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.Ағадан – ақыл,
Атадан – нақыл. Ер бала ата-анаға таяу,
Қыз бала үйге жаққан бояу. Апам үйі – ақ жайлау. Баланың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге. Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды. Інісі бардың тынысы бар
Ағасы бардың жағасы бар. Өз үйім - өлең төсегім. Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас. Үш ағайынды жігіттің отарда малы бар,
Екі ағайынды жігіттің мойында талы бар, Жалғыз жігіттің шығар шықпас жаны бар. Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі. Балаға байқап сөйлесең,
Ақылға көнер.
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер». Жасы кіші ініні
Ақылы артса аға тұт.
Жасы үлкен ағаны
Жақсы сыйлап жаға тұт. Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз. Жақсы ата – орман,Жақсы бала қорған. Өсер жастың алдын кеспе,
Өсер ағаштың басын кеспе. Өзінің шарқын білген,
Өзгенің нарқын біледі. Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар. Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңілі әдепті. Жас жемісті жұлма,
Жас баланы ұрма. Ағадан – ақыл,
Ініден – ізет. Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең.
Ақылды қария
Жазып қойған хатпен тең. Бала тәрбиесі – бесіктен. Әжемді тыңдағаным –
Өзімді танығаным. Ана алдында – құрметАта алдында – қызмет. Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр жүк артпа. Ата – балаға сыншы. Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер. Баланың бас ұстазы – ата-анасы Ата – бәйтерек, бала – жапырақ. Ата тілін алмаған ұлдан без,
Ана тілін алмаған қыздан без. Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге апарар,
Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке апарар. Анасын сүйгеннің баласын сүй. Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды. Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің.
Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің. Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді. Адам болатын бала алысқа қарайды. Бала - адамның бауыр еті.Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры. Жақсы бала - еліне бас болады,
Жаман бала - еліне қас болады. Қарағайға қарап тал өсер,
Қатарына қарап бала өсер. Қыз ырыс емес пе, ұл қоныс емес пе? Өз балаң өзекке тепсең де кетпейді,
Кісі баласы кісендесең де тұрмайды. Тайдың мінгені білінбес,
Баланың істегені білінбес. Талапты бала – талпынған құстай,
Құмары қанбас аспанға ұшпай. Ұлың өссе, ұлықтымен ауылдас бол,
Қызың өссе, қылықтымен ауылдас бол. Ұл – қоныс, қыз - өріс. Ұяты жоқ - ұл жаман,
Қылығы жоқ - қыз жаман. Балам – балым, баламның баласы – жаным. Күнсіз гүл өспес,
Күтусіз ұл өспес. Атадан ұл қалса - өзі қалғаны,
Қыз қалса – ізі қалғаны. Адам болатын бала ағайыншыл,
Бай болатын бала айырбасшыл. Бала күлкіге тоймас, жаман ұйқыға тоймас. Дүниеде бал тәтті,
Бала балдан да тәтті. Талапты бала – талпынған құстай. Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер. Жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі. Бір жақсы қыз - екі жаман ұлға татиды. Қыз жоқ жерде - қызық жоқ. Астың дәмін тұз келтірер,
Ауылдың сәнін қыз келтірер. Сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма кірсін. Алты ұл туған ананы -
Ханым десе болады,
Кезек сыйласқан ағайынды -
Жаным десе болады.
Менің туған жерім- егеменді Қазақстан
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
1. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
С) жәрдем, көмек
2. Мақалды аяқтаңыз. Еңбек түбі - ...
В) береке
3. Жуан дауысты дыбысты табыңыз.
А) Астана (жуан дауысты дыбыстар:а,о,ұ,ы,у.)
4. Қатаң дауысты дыбысты сөзді табыңыз.
Дауысты тыбыстар қатаң деп бөлінбейді.Егер қатаң дауыссыз дыбысты сөзді сұрап тұрса,онда ешқайсысы келмейді.Ал қысаң дауысты дыбысты сөзді сұрап тұрса 2 дұрыс жауабы болады:
D) құрлық Е) Үміт (қысаң дауысты дыбыстар:ы,і,и,у,ү,ұ).
5. Бітеу және ашық буындары бар сөзді көрсетіңіз.
В) жаз-да ( тұйық буын - ашық буын;тұйық буын - дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа бітеді.Ашық буын - дауыссыздан басталып,дауыстыға аяқталады немесе бір дауысты дыбыстан болады ).
6. Сөзде неше буын бар екенін белгілеңіз? Мыс
В) бір
7. –тан, -тен жалғаулары қай дыбыстардан соң жазылатынын көрсетіңіз.
А) а, і, ы, у
8. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
Е) ағаштікі ( үндестік заңы - сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп,біркелкі болып қолданылуы ).
9. Туынды сөзді табыңыз.
В) жұмыс+шы (жұмыс - не?,жұмысшы - кім?)
10. Қай септікте тұрғанын көрсетіңіз. Тоғыздан
В) шығыс септік
11. Бұл қай сөз табының жұрнақтары екенін анықтаңыз. –ншы, -нші;
А) сан есім ( реттік сан есім:бірінші,оныншы)
12. Сөзге сәйкес жалғауды көрсетіңіз. Жер...
В) -ден
13. Көгілдір, сұлу сөздерді қай сөз табына жататынын табыңыз.
Е) Сын есім
14. Бір сағатта неше минут барың белгілеңіз.
А) 60
15. Сілтеу есімдігін табыңыз.
В) Сол
16. «Етістіктер» аудармасын белгілеңіз.
D) Глагол
17. Көсемшенің жұрнақтарын көрсетіңіз.
А) –ып, -іп, -п;
18. Есімшенің көпше түрін көрсетіңіз.
В) Беретіндер (бер+етін(көсемше)+дер (көптік жалғауы)).
19. Шылауларды белгілеңіз.
С) Туралы, қой, бе.
20. Сөйлемде берілген шылаудың түрін көрсетіңіз.
Кітапша Жанкелдіқызы Ұлбике мен Көшерұлы Күдерінің айтысына орын берілген.
Е) Жалғаулық