Ердікі:тымақ,тақия.мұрақ
Әйел:аулық, күндік, желек, шәлі, қасаба, тақия, шылауы
Шахматшылар-көптік жалғауы "-лар"
Жеті" сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті жұрт, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық сөздері пайда болған. XVI ғасырда өмірге келген "Әз Тәукенің "Жеті жарғысы" да жеті сөзінің қасиетіне, киелі жағына мән беруден туған болу керек.
Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу және "Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің", "Жеті қабат жер астында" сияқты дәстүрлік сөздер мен мақал - мәтелдердің шығуы да жетімен байланысты.
Тоғыз саны араб елінен дінмен байланысты енген тәрізді. Сондықтан халқымыз: "Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру", " Тоғыз әйелдің толғағы бір күні келіпті", "Тоғыз жолдың торабы", "Тоғыз қабат торқа қию","бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз (үйленгендегі ырым) сөздері тегін шықпаған болу керек.
Он екі саны да - халқымыздың құрметтейтін саны. Қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. Олар: тышқан, сиыр, балық, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Осындағы он екі жылды бір мүшел, қауіпті жас деп, оны адамдар атап өтуі де тегін емес. Он екі сөзімен байланысты "он екі мүшең сау болсын", "он екіде бір нұсқасы жоқ", "он екі баулы өзбек" деген сөздер де айтылады.
<span>Халқымыздың қасиет тұтатын тағы да бір саны - қырық. Нәрестенің мойны бекіп, қырық күн толғанда "Қырықынан шығару" деген ырымы бар. Өлген адамның "Қырқын беру" дәстүрі де бар. Халқымыз келген қонақты "Қырықтың бірі - қыдыр" деп қарсы алу т.б. сенімдер, ырымдар "қырық" сөзімен байланысты.</span>
Ответ:
. Диана Сеттерфилд «Он үшінші ертегі»
Готика стиліндегі қызықты оқиға. Кітапты оқып отырып мистикалық, тылсым атмосфераға енесіз. Ескі жекежай, отбасылық құпия, елестер мен тағдырдың қулығы... Нағыз айлалы сюжетті жақсы көретін жандарға арналған.
2. Иэн Макьюэн «Амстердам»
Адамның айналасындағыны жаман жаққа өзгертуі мүмкін екендігі баяндалған. Газет редакторы әйгілі ме, әлде композитор ма? Оқып отырған кезде ерекше әсерге бөлейді.
3. Дуглас Адамс «Галактикаға автостоппен»
Алғашқы сөздерінен-ақ оқырманды баурап алатын кітап. Юморға құрылған сюжетінің құндылығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Оқыған кезде зеріктірмейтін классикалық фантастика.
4. Джон Фаулз «Коллекция жиюшы»
Сүр бойдақ жігіт күтпеген жерден лоторея билетінен көп ақша ұтып алады. Қызық, ол оны қалай жұмсайды екен? Көбелек жинаушы сұлуға ғашық болып, артынша махаббат хикаясы басталады. Махаббат оның өмірін жақсы арнаға бұра ма, әлде өзге жолды таңдай ма?
5. Виктор Пелевин «Омон Ра»
Кітаптың шынайылығы соншалық, автор оқиғаны шынайы өмірден алғандай көрінеді. Ал егер рас болса ше? Пелевин көтеретін тақырыптар әдеттегідей маңызды, әрі барынша толғандырады. Философиялық туындыны бірнеше сағаттың ішінде оқып шығуға болады.
6. Джейн Остин «Абырой мен жалған сенім»
Кітаптан көне Англия мен оның заңдарының иісі аңқып тұр. Оның мұнша атақты болуының себебі неде? Кітапта адам баласына ортақ тақырыптар баяндалған. Махаббат пен тәкаппарлық сезімдері айқасқа түседі. Анасы қыздарын бай адамға тұрмысқа шығаруға асығады. Бірақ көзі ашық, көкірегі ояу Элизабеттің көздегені байлық емес... Оны сүйіктіңізге сыйлауыңызға болады.