Уақыт-біздің өміріміз.Уақыт зымырап өте береді,біздің өміріміз қысқара береді.Уақытты қуып жете алмаймыз.Бұл өмірде бәрі уақытпен шектеледі.Сол үшін уақытты босқа өткізбей,еңбек етіп,болашаққа жоспар құру керек.Уақыт бізге берілген сый.Сондықтан уақытты қадағалап,жарқын өмір сүрейік.
немесе
Уакыт біздің өміріміз. Уақыт зымырап өте береді, біздін өміріміз қысқара береді. .Уақытты куып жете аламаймыз. Бұл өмірде бәрі уакытпен шектеледі. Сол үшін еңбектену керек. Уақыты боска кетіргенше еңбектену керек.
«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Халықаралық ғылыми-танымдық тарихи журнал
(17.75 MB, pdf)
Қаз Рус Eng
Кіру немесе тіркелу
Тұңғыш ПрезидентҚазақстан тарихыХалық тарих толқынындаЭлектронды мұрағатСараптамалық көзқарасЕсімнамаТарихи білім«edu.e-history.kz» электрондық журналыБілім беру, ғылым, мәдениет ұйымдарыЖарияланымдар
Интерактивті тарауМультимедиа
Торсық (қымыз құйылған тері ыдыс)
Тәуелсіз Қазақстанның символына айналған барыс
Мұражай экспонаты.
Қазақтардың әйел бас киімдерінің ішіндегі өзіндік ерекшелігі бар, тойда киетін «сәукеле» деп аталатын бас киім.
Сәукеле – сонау 19 ғасырға дейін жеткен, қазақ халқының көне бас киімдерінің бірі. Ол туралы И.Георги, Ш.Ш. Уәлиханов, И.И.Ибрагимов және т.б. жазған. И.И.Ибрагимовтың сипаттауы бойынша, «сәукеле – конус тәріздес, күміс және алтын тиындармен, меруерт, маржандармен әшекейленген биік бас киім. Ұзындығы – 1,5 аршын... Тойға арналған бас киімді тұрмысқа шыққаннан кейін алғашқы кезде, бір жылға жуық уақыт киеді, содан соң оны шешіп, тек үлкен тойларда ғана киеді, оның өзі төрт немесе бес жыл аралығында ғана. 19 ғасырда қымбат сәукелелер мың рубль немесе 100 іріктеп алынған жылқыға тең болған. Олардың үстіңгі жағында металлдан жасалған жұқа селдір, диадема (кейде оны алтыннан жасап, асыл тастар немесе меруерт, маржан және т.б. кестелеп тіккен), самай алқа және иек әшекейі болған. Сәукеленің қаңқасын матамен жапсырып, оған түрлі пішінді металлдан жасалған қаңылтыр белгілерді тіккен, олардың ішіне асыл тастар және жартылай асыл тастар жапсырылған. Қаңылтыр белгілер ірі де, майда да болған. Майдалары ірілердің арасына бекіткен. Сәукеленің үсті жібек немесе барқыт орамалмен жамылған.
Сәукелені жасауда ең бір шебер ұсталар, атап айтсақ, киім пішушілер, кесте тігушілер, жібек белбеу мен орамалдарды дайындау бойынша шеберлер қатысқан. Орамалдар мен баулардағы ою-өрнектер қалың иірілген түрлі түсті жіппен, яғни ириспен кестелеп тігілген. Орамалдың ортасы мен шеті «ширатылған кестемен» және тор ғып тігіліп жасалған. Сәукеле үшін алтын, күміс және қола алқалар мен қапталған қаңылтыр белгілерді зергерлер жасаған, олар өз жұмысында балқыту, шекімені, қалыптауды, түрлі жіңішке сымнан тоқылған нәрселерді және т.б. қолданған. Әдетте шебер бір сәукелені жасау үшін бір жыл уақытын кетірген. Асыл тастармен, меруертпен, маржандармен, алтынмен әшекейленген сәукеле өте әдемі болып келеді.
Тұрмысқа шыққан соң, бір жылдан кейін әйелдер анағұрлым қарапайым және де ыңғайлы «желек» деп аталатын бас киімді киеді. Бұл жеңілдетілген сәукеле, оның кескі шошақ пішінінде қатты қаңқасы бар, ол оқалы паршамен тігіледі немесе жұқалтырмен қапталады, сонымен қатар асыл тастармен әшекейленген, алтын және күміс шашақтармен безендіріледі. Бала туғаннан кейін, жас келіншек бас киімнің үшінші түрі – «кимешекке» келеді. Оны әдетте 25-45 жаста киеді.
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай! Әне-міне дегенше күз де келді. Оны мен күнтізбеден ғана емес, ауа-райынан байқадым. Күн лезде суытты, ертең тіпті қар жауады деген болжам да бар. Көрерміз... Ауа райының өзгеруі адамдардың көңіл-күйіне қаншалықты әсер етеді екен. Бәлкім терісі қалың, тоңмойын адам суықты да, жапырақтардың сарғайып құлап түсіп жатқанын да елемеуі де мүмкін. Бұл рухани тұрпайылық па, әлде күштілік пе? Бұл туралы өте көп ойлар айтуға болады. Дегенмен де өз басым соңғы кезде ғана ауа-райының өзгерістеріне, тек ауа райы ғана емес, жалпы дүниедегі, өмірдегі өзгерістерге назар аудара бастадым. Адам қандай болсын бірібір кез-келген адамның ойларында қазір күздің сарыны байқалады. Сөйтіп табиғат адамға осылай да әсер етеді екен-ау.
Жер-ана деп Бекер айтпаган.биз жерди курметтеуимиз керекбиз...