Туған тілім - асыл анамның әсем үнімен бойыма сіңген ана тілім. Әр адам өз анасын қалай қадірлеп сыйласа, туған тілін де солай құрметтеп, сүйе білуі керек деп ойлаймын. Ана тілің - арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте,- Қадыр Мырза Әли атамыздың осы өлең жолдары нақыл сөз боп кетті. Бұл өлеңнен көп нәрсені байқауға болады. Ана тілді арға, ұятқа теңеп тұр. «Өзге тілді білу - мақсатың, ал өз ана тіліңді құрметтеу - міндетің», – дейді ақын ата. Мағжан Жұмабаев атамыз «Қазақ тілі» өлеңінде: Ерлік, елдік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!- деп жырлайды. Яғни, қазақ халқының басынан әр түрлі жылдарда ашаршылық, ұлт¬ - азаттық қозғалыс, жаугершілік, отаршылдық секілді қиын заман өтті, бірақ халқымыз қайыспай, ұлт болып аман қалды. Бабасынан қалған алтын мұрасы тілін ұмытпады. Батыр аталар, қайсар аға - апаларымыз өмірдің қиын өткелдерінен ұлтымызды адастырмай алып шықты. Сөйтіп, көптен аңсаған, барша халық арман еткен тәуелсіздікке де қолымыз жетті. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр азаматының жүрегі Әнұранды айтты, барша халық туған тілі – Қазақ тілімен қайта табысты.
Әбділда Тәжібаев атамыз: Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,- дейді. Яғни, туған тілім арқылы іштегі сырымды, ақиқат шынымды айта аламын, ойымды анық жеткіземін, туған тілім өссе де, өшсе де халқымен бірге болады. Бірақ, менің тілім өшпейді, себебі қазақ елі егемендік алды, қайта жанды. Еліміздің бірлігінің, тірлігінің, бостандығының дәлелі, айғағы – туған тілім!
Қазіргі таңда ТАЛҒАММЕН КИІНУ ең басты міндет. Ата- анамыз МАҚТАН ЕТУ үшін жақсы білім алуымыз керек. Балалар дұрыс өсіп жетілмейінше ата-анасы əр ісін ҚАДАҒАЛАУ керек. Əр істе ТАЛАП ҚОЮ арқылы жеңіске жетуге болады. Бүгінгі таңдағы ұстаздар оқушыларын ӨЗ БАЛАЛАРЫНДАЙ КӨРУ керек деп ойлаймын. Өмірден өз орныңды алу үшін талапты бойында адамгершігігі жоғары адамға ҰҚСАУ керек шығар. Қазіргі кезде ЖАУАПКЕРШІЛІК басты міндет. Ұстаздарымыз бізді ҮЛГІ ТҰТУ үшін ғана емес білімді азамат болсын деп үйретеді. Қай жерде болсын əр істе ƏДІЛ БОЛУ керек. Біреудің көңіліне ЖЫЛЫЛЫҚ ҰЯЛАТУ арқылы сеніміне кіруге болады.
Әр жазда мен отбасымызбен демалуға баруға тырысамыз.Мен саяхаттауды ұнатамын, дәл қайда баруымның айырмашылығы жоқ, негізінен, біз әрқашан пойызбен немесе көлікпен жүреміз. Мен теңізге барғым келеді, меніңше, сіз сонда демалып, демала аласыз