Аю, қасқыр, түйе, түлкі төртеуі өздерінше достасып, өздерінше өмір сүріп көріпті. Жұбын жазбайтын достар бірде ұзақ сапарға шығады. Әлде қарны ашты ма, әлде бұрыңғы әдеті бойынша достарын алдағысы келді ме екен, бірде...
Түлкі:
- Осы Түйені жесек қайтеді? – деді.
Қасқыр:
- Әрине, жеуге болады,-деді қасқыр. Бірақ Аю әкемізді танытады ғой!
Түлкі:
- Ой, қорқақ!-деді де, Түлкі құйрығын бір бұлаң еткізеді де, аяғын ақырын басып, Аюдың жанына келеді.
Түлкі:
- Аю, еке! Сіз білесіз бе? Қасқыр Түйені жеймін деп жүр, - дейді сыбырлап,
Ал аю өте ұмытшақ болатын. Түлкінің айтқанын сол жерде – ақ ұмытып қалады.
Содан Түлкі тура Түйенің өзіне барып;
- Қасқыр мен Аю сені жейді – ау осы, - дейді.
Түйе:
- Неге? Менде нелері бар? – деп бақырып қалады, ұзын мойыны аңқау Түйе.
Түлкі:
- Сен өте үлкенсің. Көрмейсің бе? Етің қандай көп. Сені жесе достарыңның көпке дейін қарны ашпайды.
Түйе:
- Достарымның қарны ашпайтын болса, жарайды, келістім? – дейді.
Аю, Қасқыр және Түлкі Түйені союға кірісті. Қасқыр мен Түлкі ішек-қарнын тазалайды.
Шыдамсыз Түлкі бір ұзын ішекті жұтып жібермекші болады.
Қасқыр:
- Жеме, Аю ұрсады.
Әйтсе де, Түлкі қасқырдан көзін аша бере әлгі ішекті қылғытып жібереді. Ішектің жоқ екенін Аю сезіп қойып:
Аю:
- Ішек қайда? Деп ақырады.
Түлкі:
-Қасқыр жеп қойды! – дейді Аюдан қорыққан қу Түлкі, өтіріктен - өтірік.
Аю қасқырға тап береді. Қасқыр тура қашады. Олар ұзап кеткен кезде Түлкі Түйенің етін түп – түгел жым-жыластығып үлгереді.
Қасқырға жете алмай, қайта оралған Аю ептігін баса алмай:
Аю:
- Ет қайда? - деп қаһарлана гүж ете түседі.
Түлкі:
- Өзің бәрін алып кеттің ғой. Есіңде жоқ па? – дейді Түлкі беті бүлк етпестен.
Жоқ. Мен әкеткен жоқпын!- деп Аю айта алмайды. Сөйтсем, сөйткен шығармын, тыққан жерімді ұмытып қалғаным ба? Қап, әттеген – ай, Ә! – деп ойлайды. Ал Түлкі болса, бір Түйенің етіне жалғыз өзі ие болып, қулығын асырады.
Ежелгі қала ОтырарАрыс өзенінің Сырдарияға құйылысында ортағасырлық Отырар қаласының үйіндісі жатыр.
Отырар үлкен егіншілікті ауданның орталығы, көшпенділердің тірек қорғандарының бірі болған. Одан Таразға, 25-178
Ерте түрік сына жазуларында 8 ғасырда қағанаттың батыс шекарасы ретінде Қангу-Тарбан аталған, ол араб тілді жазуларда Шаштың астанасы ретінде белгілі. Даңқты ортағасырлық географ Якут: "Шаштың ең алыс қалаларының бірі, Мауреннахрға іргелес жатқан, Сейхунның (Сырдарияның) арғы жағындағы қала ... Тұрарбанд. Халық бұл атауды түрліше айта береді жєне олар Тұрар мен Отырар дейді", - деп жазды.
Арабтардың Орта Азияны жаулап алуын суреттейін жазбаларда жєне Қазақстанның оңтүстігінде Отырар осы аттас облыстың астанасы ретінде аталған ("Фараб округі" немесе "Отырар") .
9-10 ғасырлар Сырдариядағы этникалық ауысулармен сыйпатталады. Қанғарлар (қаңлылар) ішінара оғыздармен жєне қарлұқтармен ығыстырылды. Сондықтан да Ибн Хордадбектің: "Ал Фараб қаласында бір мезгілде мұсылмандар мен түрік қарлұқтардың отрядтары тұрады", - деп жазуы тегін емес.
Оғыздар 10 ғасырдың басында Сырдарияның орта ағысына, Арыс даласына жєне Қаратау етегіне орналасты. Оларға Сауран, Сүткент, Арсубаникет, Қарашоқ жєне Фараб қалалары бағынды.
9-12 ғасырлар кезеңі Қазақстанның оңтүстігінде қалалар өмірінің өрлеу уақыты болды. Жаңалары пайда болып, ескілері өсті. Қалалар ауқымы рабадаттар - сауда-қолөнер мекендері есебінен өсті . Отырармен қатар оның төңірегі өркендейді. Солардың бірі орта ғасырдың үздік ғалымдарының бірі Абу Насыр єл-Фараби туған Весидж қаласы болды. Қала Оқсызтөбе үйінділерімен теңестіріледі.
Қаланың көркейуі моңғол шапқыншылығымен үзілді. Қала жан түршігерлік қирауларға ұшырады, ал халқы қуылды немесе ішнара құлдыққа єкетілді. Қираулар мен апаттардың қайғылы толқыны болған моңғолдық атты єскер Қазақстанның барлық аумағын басып өтті. Қалалар қаңырап, бұрын гүлденген елді мекендер иесіз қалды. Алайда Отырар қайта көтеріле алды. Отырар 13 жүзжылдықтың ортасына қарай Батыстан Шығысқа бастаған жол бойындағы ірі сауда торабына айналады . Отырар Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияда кең қолданылған тиындар соғудың орталығы ретінде де белгілі. Қалада 13-14 ғасырларда ірі қоғамдық ғимараттардың құрылысы жүргізіледі. Ерзене ханның тұсында мұнда медресе, ханака жєне мешіт салынады.
Темірдің дєуірі бұрынғы моңғол иеліктеріндегі жағдай біршама тұрақтануымен ерекшеленеді, оның тұсында Ахмет Яссауидің - ғаламат мавзолейі Түркстанда салынады .
16-17 ғасырлар кезеңі қазақ далалары мен Сырдарияда саяси үстемдік үшін үздіксіз күрестер жүргізілуімен ерекшеленеді. ¤збек басшылығының неғұрлым жарқын өкілдерінің бірі Мұхамед Шайбани өлген соң, 1510 жылы билік қазақ хандарына көшеді. Отырарды қазу материалдары 16-18 ғасырлардағы қала өмірі туралы жарқын түсінік береді. .
Қала салудың негізгі компоненті квартал болып табылады. Бұл көшенің бір немесе екі жағына шоғырландырылған үйлер кешені.
Кейбір кварталдардың қолөнерлік мамандануы айқындалған. Отырардың батыс қақпаларына жақын орналасқан, Дараваз-и Суфи қақапаларымен ұқсастырылған тағы бір квартал нан пісірушілердікі болған.
Кейінгі ортағасырлық Отырарды қазу барысында көптеген керамикалар , металл бұйымдар, тиындар жєне єшекейлер жиналды .
Нумизматтық олжалар Отырар Қазақ хандығы кезеңінде 15 ғасырдың ортасынан 17 ғасырдың бірінші жартысына дейін өрлеуді басынан кешкен .
Қала жоңғар шапқыншылығы кезінде күйзеліске ұшырап, 18 ғасырдың ортасында мүлде иесіз қалды.12345Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: КосжановПросмотров: 5583 | Загрузок: 557 | Рейтинг: 3.4/20Всего комментариев: 0
Келе жатқан жаңа жыл мерекеміз құтты болсын! Жаңа жылда жаңа құт қонсын! Досымның туылған күніне тілек арнап, шын жүректен бақыт тіледім. Ұстаздар күніне орай мұғалімді жеке құттықтау
Ғасыр бойы өмір сүр--ғасыр бойы оқы.Мектепке біз білім ,аттестат алу үшін барамыз.Кейде бізге төлеусіз оқулықтарды береді,бірақ оны көбінесе сатып аламыз.Информатика кабинетінде интернет бар.Жоғары сынып оқушылары онымен жұмыс істеп, сайттар жасайды және тағы да басқаларын.Мектепте өте қызықты және біз көп жаңа білім,қызықтарды аламыз.Мектеп екі қабатты ,аз болса да жайлы.Біздің мектептің мұғалімдері адал, мейірімді, және еңбекқөр.. .Біз оларды жақсы көреміз.,біздің өзіміздің мектеп формамыз бар.Біздің өзіміздің белгілі ережелеріміз бар,оны біз орындауға тырысамыз.Әрине мектептің тәртіп бақылайтын кезекшілері бар. Мен өзімнің мектебімді жақсы көремін, маған мұнда өте ұнайды.