Мен ертен ауылга барам Бугин кар жауды Назгул есепти жылдам шыгарады Бурсигуни киын сабактар Кеше сабак болган жок
Ответ:
Біз өмір сүріп отырған әлемде, тіпті он сегіз мың ғаламда табиғаттың тірі және өлі түрі, басқаша айтқанда, жаны бар және жансыз заттар кездеседі. Екеуі бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Мысалы, өлі табиғатқа жататын су мен топырақ тірі табиғаттың өкілдері үшін тіршілік ортасы бола алады. Тірі табиғатқа кіретін жаратылыстар – тірі организмдер немесе тіршілік иелері. Олар тіршілік ете алады, өседі, өледі, көбееді, дамиды, қоректенеді. Ал өлі табиғатқа кіретін жаратылыстар тірі организмдер сияқты болмайды. Оларды тек материал (жансыз зат) ретінде қарастырамыз. Тірі организмдер жасушадан турады. Алып піл де, кішкентай ғана маса да жасушалардан тұрады. Жасуша (клетка) – тірі табиғат өкілдеріне тән кішкентай ғана бөлшек. Тірі организмдерде зат алмасу процесі жүреді. Айналадағы ортадан енген зат (азық, көректік заттар) түрлі реакциялардың әсерінен организмнің денесін түзуші заттарға айналады, жай заттардан күрделі заттар түзіледі, немесе керсінше жағдайда, күрделі заттар жай заттарға ыдырайды. Тіршілік иелерінің қоректенуі арқылы энергия қоры пайда болады. Зат пен энергияның алмасуы нәтижесінде жасушаның және ұлпалардың саны мен көлемі артады, тіршілігі жалғасады. Тірі организмдерге тән қасиеттердің бірі – қозғалу. Қозғалыс – өмірдің негізгі себебі. Өйткені тіршілік етуге қажетті қоректік заттар мен жаулардан қорғану процестері қозғалыс арқылы іске асады. Қозғалмаған тіршілік иесі (әсіресе, жан-жануарлар) өледі немесе басқаларға жем болады. Өсімдіктердің өмірі қозғалыссыз көрінгенімен, олардың да өздеріне тән баяу қозғалыстары болады. Тірі организмдер көбею арқылы өздерінің тіршіліктерін келесі бір буын өкілдеріне табыстайды. Тірі табиғаттың өлі табиғаттан негізгі айырмашылығы ретінде көбеюді айтуымызға болады. Өлі табиғат ешқашан да тірі табиғатқа тән қасиеттерге ие болмайды. Жаны жоқ су, тас, топырақ пен ауа тірі табиғаттың негізгі тірегі болатын өмір сүру ортасын қалыптастырады. Тірі табиғаттың негізгі белгілері Зат алмасу, Қоректену, Тыныс алу, Бөлу, Тітіркенгіштік, Қозғалыс, Көбею, Өсу мен даму.
Мектеп- билимнин алтин уяси.мектепте жанына жакин екинши анан мугалим.мугалим бизди окуга, талапка уиретеди.
Қазақтың ұлттық әшекей-бұйымдары сән үшін тағылып қоймай, қорғаныс қызметін де атқарған. Сол себепті қазақ қыздарының әшекейлерін жасау үшін тазарту қасиеті бар күміс пайдаланылған.
Ерте заманда әшекейді жаңа туған нәресте шағынан бастап таққан. Бұл тіл-көзден сақтайды деген ырымның бір түрі. Олар қызыл таспен әшекейленген күмістен жасалып, жаңа туған нәрестенің тақиясына немесе аяқ-қолдарына тағылған. Халық қызыл түсті тас бақыт пен шаттық әкеледі деп сенгедіктен, көптеген әшекейлерде осы тастың түрі кездеседі. Көз тиюден сақтану үшін 2-3 жасқа толғанда қыз балалардың құлағына осы меруерт тастардан жасалған сырға салған. Және қолдарына шақшақ құс бейнеленген білезіктер таққан. Кейіннен жасы ұлғая келе қыздар асыл тастармен көмкерілген салбырап тұратын сырғаларға ауысқан.
Сол кездері 10-11 жастағы қыз балаларда қалыңдық жасауымен бірдей әшекей бұйымдар болған. Бойжеткен шағында бас киімсіз жүруге рұқсат беріліп, оның орнына күмістен жасалған шолпы таққан. Мұнымен қатар қолдарына да түрлі әшекейлер таққан: білезіктер екі қолдарына қатар, ал саусақтарына 3-4 жүзік. Сақина тақпай жасаған тағам дәмсіз болады деп үнемі сақинамен жүрген.
Әр жыл сайын қыз балалардың киіміне жаңа әшекейлер қосылады. Ал жасы ұлғайған сайын жарқыраған тастарды тақпауға тырысқан. Жасы ұлғайған әжелердің білезігі «жұмыр білезік» деп аталады: күмістен дөңгелек етіп жасалып, ұшы жылан басынан ұқсас қайырылған. Бұл да жаман күштен сақтайтын ырымның бір түрі. Мұнымен қатар екі саусаққа қатар киілген қос ғашықтың сүйіп қосылғанын білдіретін «құдағи жүзік» таққан. Мұндай жүзікті қызыма жақсы қарасын деген ниетпен келіннің анасы құдағиына сыйлаған.
Ильяс Жансугуров-----------------------------------