Түйе малының жалпы атауы – шалқұйрық
Түйенің күштілігі, төзімділігі менг жасына қарай атаулары :
Айыр түйе – екі өркешті түйелердің жалпы атауы.
Нар түйе – жалғыз өркешті түйелердің жалпы атауы.
Бота, көшек – түйе төлінің жалпы атауы, інгеннің жасқа толмаған төлі.
Нарбота – аруананың жасқа толмаған төлі.
Тайлақ – екі жасқа дейінгі төл.
Сүттайлақ – қысыр қалған інгендердің емізіп жүрген былтырғы ботасы не енесі боталауға бірер ай қалғанша емген тайлақ.
Бүлдіршгін – үш жасқа шығар қайымаған ұрғашы түйе.
Құнанша – үш жасар ұрғашы түйе.
Дөненше – төрт жасар ұрғашы түйе.
Тығыршын – төрт жасқа шығар қайымаған ұрғашы түйе.
Соқтан – төрт жасқа шығар еркек пішпе түйе.
Буыршын – аруана мен үлектен туған төрт жасар жас бура, інген бұзар.
Атан – ақталған, кексе ірі айыр түйе.
Атанша – айыр түйенің бес жасқа дейінгі ақтасы.
Інгенше – бес жасқа жетпеген, боталамаған ұрғашы айыр түйе.
Мая – жалғыз өркешті түйенің аналығы.
Аруана – жалғыз өркешті таза тұқымды аналық.
Тұмса – алғаш боталаған інген не мая.
Нар – 1. Жалғыз өркешті түйенің жалпы атауы.
2. Жалғыз өркешті піштірілген еркек түйе,
Нарша – жас нар.
Үлек – жалғыз өркешті түйенің таза тұқымды аталығы.
Бура – айыр түйенің таза тұқымды аталығы.
Алаша – інген мен жабайы бураның тұқымы.
Жампоз – інген мен бураның асыл тұқымды таза ұрпағы.
Біртума – таза тұқымды үлек пен інгеннің не таза тұқымды бура мен аруананың бірінші ұрпағы.
Түс айыр – таза тұқымды бура мен інгеннің бірінші ұрпағы.
Ләкір – таза қанды бура мен аруанадан туған ұрпақ.
Әле нар – таза қанды үлек пен аруананың ұрпағы.
Қоспақ – інген мен үлектен туған будан. Өркешінің ұшы ғана айыр.
Балқоспақ – мая мен бурадан туған будан. Айыр түйеге ұқсас.
Арақоспақ – таза тұқымды бура мен мырзақоспақ не балқоспақ інгеннің тұқымы.
Мырзақоспақ – балқоспақ пен бурадан туған будан.
Нар қоспақ – аруана мен бураның буданы.
Қырысты қоспақ – үлек пен мырзақоспақтың буданы.
Жарбай – мая мен үлектен туған екінші ұрпақтың буданы.
Жөң – мая мен үлектен туған буданның екінші ұрпағы.
Жөңбай – жөңнің ақта етілмеген бурасы.
Күрт – жөң мая мен үлектен туған будан.
Кердері – біртума мая мен үлектің екінші ұрпағы, жөңмая мен үлектің үшінші ұрпағы.
Кезнар – қоспақ інген мен үлектің ұрпағы.
Қылағай – қоспақ інген мен бурадан туған әлсіз осал тұқым.
Қылқи – жампоз мая мен таза тұқымды үлектің төртінші ұрпағы.
Қалбағай – қылағай інген мен үлектің буданы.
Оқбақ – таза тұқымды үлек пен қалбағай інгеннің буданы.
Бекбатша – бура мен аруанадан туған будан.
Қолбатша – үлек пен інгеннен туған будан.
Жөнек – бекбатша не қолбатша бура мен аруананың не жампоз інгеннің ұрпағы.
Шау түйе – қартайған, күші қайтқан, мініс пен жүк көтеруден қалған кәрі түйе.
Желмая – жалғыз өркешті жүйрік түйе. Асан қайғы баба мінген деген аңыз бар.
Ала көпен - әле түйе, шалқұйрық.
Түйенің түстері
Ақ (атан), боз (інген), сары (тайлақ), қызыл (нар), қараша (қоспақ), қара (бура), қоңыр (мая).