Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар секілді. Бұл ғажайып сырға толы сандықта неше түрлі армандар, мақсаттар бар десеңші! Ал бұл сандықтың ең түбінде немесе кейде жарық жұлдыздай алға шоқ етіп шығатын бір нәрсе бар. Бұл не деп ойлайсыздар?
Бұл тамаша нәрсенің аты- өнер. Өнер – әр адамның бойындағы белгілі бір құдірет күші секілді. Кейде өмірден түңілген кездерде немесе көңіл-күй түсіңкі болған жағдайларда, қолыңа гитара алып, бір шерткеннің өзі, сол басыңнан өткен көптеген ауыр кезеңдерді титтей болса да ұмытуға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қандай керемет дүние. Адамның бойындағы дарын, талант деген осы ғой, шіркін.... Бірақ өнер ол теке қана белгілі бір аспапты игере білу дегенге шектеліп қалмау керек, өнер – жан- жақты болады. Адамгершілік қасиетті сақтап жүру, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болудың өзі, тіпті ауыр хабарды біле тұра, өзге жанға жеткізудің өзі – өнер. Сондықтан да өнер – менің өмірімнің үлкен бір бөлігі деп білемін. Өнерлі адам- өрге жүзеді, - демекші, өнердің құдіреттері арқылы әрқашанда биік шыңдарды бағындыратынымызға еш күмән жоқ екенін ұмытпаңыздар!
Тамақ жылы жерде тұрса тез бұзылады.
Балаларға өрт қауіпсіздігі туралы ескерту керек.
Жиі серуендеп тұрған пайдалы.
Сапа әр қашан бірінші кезекте.
Қазы-қарта, жал-жая тәтті тағам.
Артық салмақ қоспау үшін майлы тамақты аз жеп, спортпен шұғылдану керек
Ұстарамен алынбас, Ұйысып тұрған қалың шаш.
Егін
Көмекші есімдермен сөйлемдер.
Мектептің қасындағы кішігірім дүңгіршіктерден оқушылар сабақ алдында, не сабақтан соң тәттілер сатып алады.
Әне – міне дегенше жаздың да ортасы болып қалыпты...
Әдетте балалармен жолға шыққан жолаушылар үстіңгі орындарын ауыстырып алуға тырысады.
Үстелдің астында жатқан ойыншық сенің күні бойы іздеп жүргенің емес пе?
Оқушылар демалысқа шығысымен мектептің іші тым – тырыс болып қалады.
Ұялы телефоныңыз желіні көрсетпей тұрса, ауылдың шетіндегі қырға шығып көріңіз.
Қырда әдетте қыруар мал болады.